С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде 8D07105 – «Механикалық инженерия» (D103 – «Механика және металл өңдеу») білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Таттимбек Гүлеркенің «Ірі модульді тісті дөңгелектердің тістерін термофрикциялық өңдеу әдісін әзірлеу» тақырыбындағы докторлық диссертациясының қорғалуы өтеді.
Диссертация Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті Инжиниринг және азық-түлік технологиялары институтының
«Агроинженерия, механика және металл өңдеу» білім беру бағдарламалары тобы негізінде орындалды.
Диссертацияны ұсыну нысаны: диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі: қазақ тілі.
Ресми рецензенттер:
1. Нұғман Ерік Зейнелұлы- философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, Қ.И. Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, А. Буркитбаев атындағы Энергетика және машина жасау институты «Машина жасау» кафедрасының меңгерушісі (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
2. Жауыт Әлғазы – философия докторы (PhD), профессор, Гумарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, Телекоммуникациялар және автоматтандыру институты, Аэроғарыштық және электрондық инженерия кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
Ғылыми кеңесшілер:
1. Шеров Кәрібек Тағайұлы – техника ғылымдарының докторы, профессор, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті Инжиниринг және азық-түлік технологиялары институтының
«Агроинженерия, механика және металл өңдеу» білім беру бағдарламалары тобының профессоры (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
2. Мардонов Бахтиёр Тешаевич – техника ғылымдарының докторы, профессор, Науайы мемлекеттік тау-кен технологиялар университеті ректоры (Науайы қ., Өзбекстан Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Гаврилин Алексей Николаевич – техника ғылымдарының докторы, профессор, Томск политехникалық ұлттық зерттеу университеті «Жаңа өндірістік технологиялар» инженерлік мектебінің машина жасау бөлімінің профессоры, (Томск қ., Ресей Федерациясы).
2. Ноғаев Қайрош Әбілұлы – техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Қарағанды индустриялық университеті «Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасының доценті (Теміртау қ., Қазақстан).
3. Молдаханов Бекболат Аскерханұлы – PhD, «Европлюс Восток» ЖШС директоры (Өскемен қ., Қазақстан Республикасы).
Қорғау аралас форматта 2026 жылғы 3 шілде күні сағат 16:00-де «8D071 – Инженерия және инженерлік іс» даярлау бағыты бойынша: 8D07105 – Механикалық инженерия»; 8D07106 – «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандықтары бойынша С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті жанындағы диссертациялық кеңесте өтеді. Мекенжайы: 010011, Астана қ., Жеңіс даңғылы, 62Б, Инжиниринг және азық-түлік технологиялары институты (техникалық факультет), конференц- зал №4204
(https://zoom.us/j/94278711352?pwd=AVHlMUkanQ0BxI2bqJ8lEa8xwDerSm.1
Идентификатор конференции: 942 7871 1352. Код доступа: 671723).
Сайттың мекенжайы: www.kazatu.edu.kz
Диссертация мазмұны бойынша бейресми пікірлерді қорғау барысында ұсыну үшін диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы Мендалиева Сауле Илинишнаға электрондық поштасына жолдау қажет: e- mail: s.mendalieva@kazatu.edu.kz