С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде 8D07105 – «Механикалық инженерия» (D103 – «Механика және металл өңдеу») білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Тусупбекова Гулим Магауияновнаның «Металл кесетін құралдардың тозуға төзімділігін арттыру тәсілін әзірлеу» тақырыбындағы докторлық диссертациясының қорғауы өтеді.

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде 8D07105 – «Механикалық инженерия» (D103 – «Механика және металл өңдеу») білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Тусупбекова Гулим Магауияновнаның «Металл кесетін құралдардың тозуға төзімділігін арттыру тәсілін әзірлеу» тақырыбындағы докторлық диссертациясының қорғауы өтеді.
Диссертация Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті Инжиниринг және азық-түлік технологиялары институтының «Агроинженерия, механика және металл өңдеу» білім беру бағдарламалары тобы негізінде орындалды.

Диссертацияны ұсыну нысаны: диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі: қазақ тілі.

Ресми рецензенттер:
1. Мусина Жанара Керейовна – техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Торайгыров университеті» КеАҚ, «Машинажасау және стандарттау» кафедрасының меңгерушісі (Павлодар қаласы, Қазақстан Республикасы).
2. Бузауова Тоты Мейрбековна – техника ғылымдарының кандидаты, Абылқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті «Технологиялық жабдықтар, машинажасау және стандарттау» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы).

Ғылыми кеңесшілер:
1. Усербаев Мұратбек Тұрарбекұлы – техника ғылымдарының кандидаты, «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті», Инжиниринг және азық-түлік технологиялары институтының «Агроинженерия, механика және металл өңдеу» білім беру бағдарламалары тобының қауымдастырылған профессоры (Астана қ., Қазақстан).
2. Шеров Айбек Кәрібекұлы – «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті», Инжиниринг және азық-түлік технологиялары институтының «Агроинженерия, механика және металл өңдеу» білім беру бағдарламалары тобының философия докторы (PhD) (Астана қ., Қазақстан).
3. Яцек Циеслик – техника ғылымдарының докторы, Станислав Сташич атындағы AGH ғылым және технология университеті, Машина жасау және робототехника факультетінің профессоры (Краков қ., Польша).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Гаврилин Алексей Николаевич – техника ғылымдарының докторы, Томск политехникалық ұлттық зерттеу университеті, «Жаңа өндірістік технологиялар» инженерлік мектебінің машина жасау бөлімінің профессоры, (Томск қ., Ресей Федерациясы).
2. Асмағамбет Диана Кенжебайқызы – философия докторы (PhD), Цифрлық сандық үкіметті қолдау орталығы ШЖҚ РМК, Әлеуметтік қызметтер бөлімінің аға директоры (Астана қ., Қазақстан).
3. Сулейменов Ансаган Дюсембаевич – философия докторы (PhD), «Торайгыров университеті» КеАҚ «Көлік техникасы және логистика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Павлодар қ., Қазақстан).

Қорғау аралас форматта 2026 жылғы 03 шілде күні сағат 14:00-де «8D071 – Инженерия және инженерлік іс» даярлау бағыты бойынша: 8D07105 – «Механикалық инженерия»; 8D07106 – «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті жанындағы диссертациялық кеңесте өтеді. Мекенжайы: 010011, Астана қ., Жеңіс даңғылы, 62Б, Инжиниринг және азық-түлік технологиялары институты (техникалық факультет), конференц-зал № 4204.
(https://zoom.us/j/94278711352?pwd=AVHlMUkanQ0BxI2bqJ8lEa8xwDerSm.1) Идентификатор конференции: 942 7871 1352 Код доступа: 671723).

Сайттың мекенжайы: www.kazatu.edu.kz

Диссертация мазмұны бойынша бейресми пікірлерді қорғау барысында ұсыну үшін диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы Мендалиева Сауле Илинишнаға электрондық поштасына жолдау қажет: e-mail: s.mendalieva@kazatu.edu.kz

Дата публикации
04 июня 2026