«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ Айдарбекова Тойжан Жумагалиевнаның 8D08101 «Агрономия» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған «Солтүстік Қазақстанның қара топырағында жаздық жұмсақ бидай линияларының гомеостатикалығы және экологиялық икемділігі» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ Айдарбекова Тойжан Жумагалиевнаның 8D08101 «Агрономия» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған «Солтүстік Қазақстанның қара топырағында жаздық жұмсақ бидай линияларының гомеостатикалығы және экологиялық икемділігі» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертация «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ агротехника университеті, ауыл шаруашылығы және биоресурстар кафедрасының базасында орындалған.
Қорғау тілі: қазақ.

Ғылыми кеңесшілері:
Хусаинов Абильжан Токанович, биология ғылымдарының докторы, «Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ, С.Сәдуақасов атындағы агротехникалық институты профессоры, Көкшетау қ-сы, Қазақстан Рсепубликасы;
Боме Нина Анатольевна, ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы, профессор, Тюмень мемлекеттік университетінің Ботаника, өсімдіктер биотехнологиясы және ландшафттық архитектура кафедрасының меңгерушісі, Тюмень қ-сы, РФ

Ресми рецензенттері:
Кенжегулова Саягуль Олжабаевна, ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ, ауыл және орман шаруашылығы институты, «Өсімдік шаруашылығы» БББ тобының қауымдастырылған профессоры, Астана қ-сы, Қазақстан Республикасы;
Жұмабек Бақытбек, PhD, «А.И.Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС, егіншілік бөлімі, бейімдеу және агроландшафтық технологиялар зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, Шортанды кенті, Қазақстан Респбуликасы.

Диссертациялық уақытша кеңесінің сайланған мүшелерінің тізімі:
Кененбаев Серик Барменбекович, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС-гі, топырақтану және агрохимия зертханасының меңгерушісі, Алмалыбақ кенті, Қазақстан Республикасы;
Guggenberger Georg, PhD, Лейбниц атындағы Ганновер университетінің профессоры, Германия
Таутенов Ибадулла Айгалиевич, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» КеАҚ, инженерлі-технологиялық институты профессоры, Қызылорда қ-сы, Қазақстан Рсепубликасы;

Қорғау 2026 жылы 26 маусымында сағат 14.30 - да «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ базасында Диссертациялық кеңесінде өтеді.
Мекен-жайы: 010011, Астана қ., Жеңіс даңғылы, 62, №1115 ауд.


ZOOM: 494 782 2913
Код: 12345
e-mail: baitelenova_alya@mail.ru

Дата публикации
02 июня 2026