С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде 8D07105 – «Механикалық инженерия» (D103 – «Механика және металл өңдеу») білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Утеулов Канат Тулекбергеновичтің «Кең алымды сепкіш сіңіргішінің тозуға төзімділігі жоғары анкерінің конструкциясын әзірлеу» тақырыбындағы докторлық диссертациясының қорғауы өтеді.
Диссертациялық жұмыс С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Инжиниринг және тағам технологиялары институтының «Агроинженерия, механика және металл өңдеу» білім беру бағдарламалар тобында орындалған.
Диссертацияны ұсыну нысаны: диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі: қазақ тілі.
Ресми рецензенттер:
1. Абсадыков Бахыт Нарикбаевич – техника ғылымдарының докторы, Қ.И. Сатпаев Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті профессоры (Алматы қ., Қазақстан).
2. Мусаев Медғат Муратович – PhD докторы, Ә. Сағынов атындағы Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті «Технологиялық жабдықтар, машина жасау және стандарттау» кафедрасының меңгерушісі (Қарағанды қ., Қазақстан).
Ғылыми кеңесшілер:
1. Адуов Мубарак Адуович – техника ғылымдарының докторы, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті КЕАҚ Инжиниринг және азық-түлік технологиялар институты «Агроинженерия, механика и металл өңдеу» БББ тобының профессоры (Астана қ., Қазақстан).
2. Капов Султан Нануович – техника ғылымдарының докторы, Ставрополь мемлекеттік аграрлық университеті ФМБЖББМ, «Механика және энергетика институтының» профессоры (Ставрополь қ., Ресей Федерациясы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Еремин Александр Вячеславович – техника ғылымдарының кандидаты, Ресей Ғылым академиясының Сібір бөлімшесі «Материалдар беріктігі және материалтану институтының» ғылыми қызметкері (Томск қ., Ресей Федерациясы).
2. Асмағамбет Диана Кенжебайқызы – Әлеуметтік қызметтер бөлімінің аға директоры (Senior director), Цифрлық сандық үкіметті қолдау орталығы ШЖҚ РМК, (Астана қ., Қазақстан).
3. Мустафа Азамат Қойшықұлұлы – PhD докторы, Ә. Бүркітбаев атындағы Энергетика және машина жасау институты «Машина жасау» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, (Алматы қ., Қазақстан).
Қорғау 2026 жылы 26 маусым күні сағат 10:00-да аралас форматта С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті жанындағы 8D071 – «Инженерия және инженерлік іс» (8D07105 – «Механикалық инженерия»; 8D07106 – «Көлік, көлік техникасы және технологиялары») даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді.
Мекен-жайы: 010011, Астана қ., Жеңіс даңғылы, 62Б, техникалық факультет, конференц-зал № 4204 (https://zoom.us/j/95675618157?pwd=y2Ebw5Xlf0Y8pTrlJZgQqH2Elmekyh.1 Идентификатор конференции: 956 7561 8157 Код доступа: 589348).