С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде 8D07105 – «Механикалық инженерия» (D103 – «Механика және металл өңдеу») білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Қуанов Иса Серікұлының «Термофрикциялық кесу негізінде HARDOX маркалы болаттардан жасалған тетіктерді өңдеу технологиясын жасау» тақырыбындағы докторлық диссертациясының қорғауы өтеді.

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде 8D07105 – «Механикалық инженерия» (D103 – «Механика және металл өңдеу») білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Қуанов Иса Серікұлының «Термофрикциялық кесу негізінде HARDOX маркалы болаттардан жасалған тетіктерді өңдеу технологиясын жасау» тақырыбындағы докторлық диссертациясының қорғауы өтеді.
Диссертация Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті Инжиниринг және тағам технологиялары институтының «Агроинженерия, механика және металл өңдеу» білім беру бағдарламалары тобы негізінде орындалды.

Диссертацияны ұсыну нысаны: диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі: қазақ тілі.

Ресми рецензенттер:
1. Жұмекенова Зауре Жетпісбайқызы – философия докторы (PhD), «Көлік және машина жасау» кафедрасының ассистент-профессоры, Инженерия және цифрлық технологиялар факультеті, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті (Петропавл қ., Қазақстан Республикасы).
2. Молдаханов Бекболат Әскерханұлы – философия докторы (PhD), Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті Халықаралық инженерия мектебінің аға оқытушысы (Өскемен қ., Қазақстан).

Ғылыми кеңесшілер:
1. Шеров Кәрібек Тағайұлы – техника ғылымдарының докторы, профессор, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті Инжиниринг және тағам технологиялары институтының «Агроинженерия, механика және металл өңдеу» білім беру бағдарламалары тобының профессоры (Астана қ., Қазақстан).
2. Усербаев Мұратбек Тұрарбекұлы – техника ғылымдарының кандидаты, доцент, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті Инжиниринг және тағам технологиялары институтының «Агроинженерия, механика және металл өңдеу» білім беру бағдарламалары тобының доценті (Астана қ., Қазақстан).
3. Насад Татьяна Геннадьевна – техника ғылымдарының докторы, профессор, Ю. А. Гагарин атындағы Саратов мемлекеттік техникалық университеті (Саратов қ., Ресей Федерациясы).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Еремин Александр Вячеславович – техника ғылымдарының кандидаты, Ресей ғылым академиясы Сібір бөлімшесінің Беріктік физикасы және материалтану институты ғылыми қызметкері (Томск қ., Ресей Федерациясы).
2. Ноғаев Қайрош Әбілұлы – техника ғылымдарының кандидаты, доцент, Қарағанды индустриялық университеті «Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасының доценті (Теміртау қ., Қазақстан).
3. Мұстафа Азамат Қойшықұлұлы – PhD докторы, А. Бүркітбаев атындағы Энергетика және машина жасау институты қауымдастырылған профессоры (Алматы қ., Қазақстан).

Қорғау аралас форматта 2026 жылғы 26 маусым күні сағат 16:00-де «8D071 – Инженерия және инженерлік іс» даярлау бағыты бойынша: 8D07105 – «Механикалық инженерия»; 8D07106 – «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандықтары бойынша С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті жанындағы диссертациялық кеңесте өтеді. Мекенжайы: 010011, Астана қ., Жеңіс даңғылы, 62Б, техникалық факультет, конференц-зал № 4204 (https://zoom.us/j/95675618157?pwd=y2Ebw5Xlf0Y8pTrlJZgQqH2Elmekyh.1 Идентификатор конференции: 956 7561 8157 Код доступа: 589348).

 

Дата публикации
01 июня 2026