«Азаматтық авиация академиясы» АҚ жанындағы диссертациялық кеңесте 8D07101 – «Авиациялық техника және технологиялар» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Лекерова Фариза Лекерқызының «Development of methods for monitoring air quality in the aerodrome vicinity and transition to alternative fuels in compliance with ICAO requirements» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертациялық жұмыс «Азаматтық авиация академиясы» АҚ «Авиациялық техника және технологиялар» кафедрасында орындалды.
Диссертацияны ұсыну нысаны: диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі: ағылшын тілі.
Қорғау форматы: аралас.
Ресми рецензенттер:
1. Кегенбеков Жандос Кадырханович – 052208 – «Тасымалдау процесін басқару» мамандығы бойынша техника ғылымдарының кандидаты, профессор, «Инжиниринг және ақпараттық технологиялар» факультетінің деканы, Қазақстан-Неміс университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.
2. Калиаскаров Нұрбол Балтабаевич – 6D071900 – «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша PhD докторы, «Байланыс технологиялары және жүйелері» кафедрасының меңгерушісі, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы.
Ғылыми кеңесшілер:
1. Кошеков Қайрат Темирбаевич – техника ғылымдарының докторы, профессор, «Авиациялық техника және технологиялар» кафедрасы, «Азаматтық авиация академиясы» АҚ, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.
2. Александр Николаевич Медведев – Dr. Eng. Sc., профессор, «Көлік және байланыс институты», Рига қ., Латвия.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелерінің құрамы:
1. Калиева Айнагүл Балғауовна – 03.00.19 – «Паразитология» мамандығы бойынша биология ғылымдарының кандидаты, ҚКСОН доценті, кафедра меңгерушісі, «Торайғыров университеті» КеАҚ, Павлодар қ., Қазақстан Республикасы, ізденушінің диссертациялық зерттеу бағыты бойынша тәуелсіз ғылыми еңбектері бар.
2. Курмашев Ильдар Гусманович – 05.25.05 – «Ақпараттық жүйелер мен процестер, информатиканың құқықтық аспектілері» мамандығы бойынша техника ғылымдарының кандидаты, «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі, «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КеАҚ, Петропавл қ., Қазақстан Республикасы, диссертациялық зерттеу тақырыбы бойынша дербес ғылыми нәтижелерге ие.
3. Куатова Молдир Жангелдиевна – 6D060300 – «Механика» мамандығы бойынша PhD докторы, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты» ШЖҚ РМК, ізденушінің диссертациялық зерттеу бағыты бойынша тәуелсіз ғылыми еңбектері бар.
Диссертацияны қорғау 2026 жылғы 3 шілдеде сағат 11:00-де «Азаматтық авиация академиясы» АҚ жанындағы диссертациялық кеңесте аралас форматта өтеді. Алматы қ., Ахметов көшесі, 44, В314 аудитория.
Сайт мекенжайы: https://caa.edu.kz/
Zoom сілтемесі: https://us04web.zoom.us/j/71380052536?pwd=qFJ3JJPXWaZs8o9M89wUA23qFPBFCP.1
Конференция идентификаторы: 713 8005 2536
Қол жеткізу коды: 2026
Ғылыми хатшы: Гармаш О.В., тел +7 777 087 3619