С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде 8D06101 – «Үлкен деректер аналитикасы» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Муталова Жазира Саткановнаның «Нейрондық желілер негізінде бейне ағындардағы кескінді танудың математикалық моделін әзірлеу» тақырыбындағы докторлық диссертациясының қорғалуы өтеді.

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде 8D06101 – «Үлкен деректер аналитикасы» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Муталова Жазира Саткановнаның «Нейрондық желілер негізінде бейне ағындардағы кескінді танудың математикалық моделін әзірлеу» тақырыбындағы докторлық диссертациясының қорғалуы өтеді.
Диссертациялық жұмыс С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Бизнес және цифрлық технологиялар институты «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламалар тобында орындалған.
Диссертацияны ұсыну нысаны: диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі: қазақ тілі.
 
Ресми рецензенттер:
1. Ахметов Бахытжан Сражатдинович – техника ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының» профессор-зерттеушісі (Алматы қ., Қазақстан).
2. Черикбаева Ляйля Шариповна – философия докторы (PhD), әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Компьютерлік ғылымдар» кафедрасының доцент-зерттеушісі (Алматы, Қазақстан).
 
Ғылыми кеңесшілер:
1. Шаушенова Анаргул Гимрановна – техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламалар тобының жетекшісі.
2. Гриф Михаил Геннадьевич – техника ғылымдарының докторы, Новосібір мемлекеттік техникалық университетінің «Автоматтандырылған жүйелерді басқару» кафедрасының профессоры (Новосібір қ., Ресей).
 
Диссертациялық кеңестің тұрақты мүшелері:
1. Исмаилова Айсулу Абжаппаровна – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламалар тобының профессоры м.а.
2. Абдикеримова Гульзира Бахытбековна – философия докторы (PhD), «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
3. Аканова Акерке Сапаровна – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ «Компьютерлік ғылымдар» білім беру бағдарламалар тобының жетекшісі. 
4. Ержанова Акбота Ермухамедовна – философия докторы (PhD), «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ Инжиниринг және тағам технологиялары институтының «Агроинженерия, механика және металл өңдеу» білім беру бағдарламалар тобының қауымдастырылған профессоры м.а.
 
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
5. Гнатюк Сергей Александрович – техника ғылымдарының докторы, профессор, Киберқауіпсіздік және ақпаратты қорғау технологиялары мемлекеттік ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері (Киев қ., Украина).
6. Resul Kara – философия докторы (PhD), профессор, Дюздже университеті, инженерия факультетінің деканы (Дюздже қ., Түркия)
7. Есенова Молдир Балкаировна – философия докторы (PhD), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының доцент м.а. (Астана қ., Қазақстан).
 
Қорғау аралас форматта 2026 жылы 15 маусым сағат 11:00-де С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті жанындағы 8D061–Ақпараттық коммуникациялық технологиялар (8D06101 – Үлкен деректер аналитикасы; 8D06103 – Бизнес үдерістерін моделдеу және оңтайландыру; 8D06102 – Жүйелік инженерия, 6D070300 – Ақпараттық жүйелер) даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. 
Мекен-жайы: 010011, Астана қ., Жеңіс даңғылы, 62в, Агротехнопарктың ситуациялық орталығы.
 
Онлайн-трансляция Zoom платформасында болады:
Идентификатор конференции: 974 2095 3646
Код доступа: 583718
https://zoom.us/j/97420953646?pwd=GlUEYeb8FiF7kvkZuemtobbQsCv4UP.1 
Адрес сайта: https://kazatu.edu.kz, e-mail: dissovetitkazatu@gmail.com
 
Дата публикации
26 мая 2026