М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде 8D06101 – «Информатика, есептеу техникасы және басқару» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Курмашева Лилия Борисовнаның «Өнертапқыштық есептерді алгоритмдік шешу әдіснамасы негізінде білім беру социоценоздарын басқаруды интеллектуалды қолдаудың модельдері мен алгоритмдерін әзірлеу» тақырыбындағы диссертациясының қорғауы өтеді.
Диссертация М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасында орындалған.
Қорғау тілі: орыс.
Ресми рецензенттер:
- Қайбасова Динара Жеңісбековна – PhD докторы, қауымдастырылған профессор, Astana IT University Бағдарламалық инженерия мектебі, Астана қ., Қазақстан Республикасы.
- Увалиева Индира Махмутовна – PhD докторы, қауымдастырылған профессор, Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект мектебінің профессоры, «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КЕАҚ, Өскемен қ., Қазақстан.
Ғылыми кеңесшілер:
- Куликова Валентина Петровна – техника ғылымдарының кандидаты, профессор, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасының доценті Петропавл қ., Қазақстан Республикасы.
- Левашенко Виталий Григорьевич – PhD, Словакия, Жилина қаласындағы университеттің Информатика кафедрасының профессоры.
Диссертациялық кеңестің тұрақты құрамы:
- Демьяненко Александр Валентинович, т.ғ.к., «М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ «Энергетика және радиоэлектроника» кафедрасының профессоры, Петропавл қ., Қазақстан Республикасы.
- Савостин Алексей Александрович, т.ғ.к., «М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ «Энергетика және радиоэлектроника» кафедрасының профессоры, Петропавл қ., Қазақстан Республикасы.
- Шапорева Анна Васильевна, «Құрылыс және дизайн» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доценті), «М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ PhD докторы, Петропавл қ., Қазақстан Республикасы.
- Икласова Кайнижамал Есимсеитовна, қауымдастырылған профессор (доцент), «М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ PhD докторы, Инженерия және цифрлық технологиялар факультетінің деканы, Петропавл қ., Қазақстан Республикасы.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Lili Nurliyana Abdullah – PhD докторы, қауымдастырылған профессор, Путра университеті, «Информатика және Ақпараттық технологиялар» факультеті, «Мультимедиа» кафедрасы (Селангор, Малайзия).
- Набиев Наби Козыевич – техника ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы, Астана қ. "Арнайы жарақтандыру" ЖШС техникалық директоры.
- Шевчук Елена Владимировна – техника ғылымдарының кандидаты, доцент, Жоғары математика кафедрасының доценті, геодезия және менеджмент институты, Сібір мемлекеттік геожүйелер және технологиялар университеті, Новосибирск қ., Ресей.
Қорғау 2026 жылғы 19 маусымда сағат 11:00-де (11-00 AМ, Алматы уақытымен) М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті жанындағы 8D06101 (6D075100) – «Информатика, есептеу техникасы және басқару» даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте аралас форматта өтеді.
Өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, Пушкин көшесі, 86, №2 оқу корпусы, конференц-зал.
Бейнеконференцияға қосылу сілтемесі
https://zoom.us/j/94647598960
Конференция идентификаторы: 946 4759 8960
Құпиясөз: 1906