«Қазақ спорт және туризм академиясы» КеАҚ жанындағы диссертациялық кеңесте «8D01401 – Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ізденуші Балтина Алтынай Сапаровнаның «13-15 жастағы жасөспірім дзюдошылардың оқу-жаттығу үдерісін ұйымдастыру» тақырыбындағы диссертациялық жұмысының қорғауы өтеді.
Диссертация Қазақ спорт және туризм академиясында орындалған.
Қорғау – қазақ тілінде.
Ресми пікір берушілер:
Шепетюк Наталья Михайловна – педагогика ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, Алматы қ., Қазақстан.
Есиркепов Жандос Мергенбайұлы – Халықаралық туризм және меймандостық университетінің «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессоры, Түркістан қ., Қазақстан.
Отандық ғылыми кеңесші:
Исқақов Тайыржан Бақтыбайұлы – Халықаралық туризм және меймандостық университетінің «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD докторы, Түркістан қ., Қазақстан.
Шетелдік ғылыми кеңесші:
Голубева Галина Николаевна – ЖБ ФМББМ Поволжск мемлекеттік дене шынықтыру, спорт және туризм академиясының педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазан қ., Ресей.
Диссертациялық кеңестің тұрақты құрамы:
1. Жунусбеков Жаксыбек Ибрагимович – «Қазақ спорт және туризм академиясы» КеАҚ Бокс, ауыр атлетика жəне шығыс жекпе-жегі кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, п.ғ.к., профессор (ЖАК), диссертациялық кеңестің төрағасы, Алматы қ., Қазақстан;
2. Белегова Алия Аканбаевна – «Қазақ спорт және туризм академиясы» КеАҚ Дене мəдениеті жəне спорттың теориялық негіздері кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы, диссертациялық кеңес төрағасының орынбасары, Алматы қ., Қазақстан;
3. Ермаханова Амина Бахитовна – «Қазақ спорт және туризм академиясы» КеАҚ Гимнастика және жүзу кафедрасының зерттеуші профессоры, қауымдастырылған профессоры, PhD докторы, диссертациялық кеңестің мүшесі, Алматы қ., Қазақстан;
4. Гусаков Илья Вячеславович – «Қазақ спорт және туризм академиясы» КеАҚ Гимнастика және жүзу кафедрасының зерттеуші профессоры, PhD докторы, диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы, Алматы қ., Қазақстан. (+7 701 829 90 43).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Сейсенбеков Ерлан Кенжебаевич – педагогика ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының профессоры, (Алматы қ., Қазақстан).
2. Сыдықов Нұрбол Тұрарұлы – Атырау облысының дене шынқтыру спорт және туризм басқармасының басшысы, PhD докторы, (Атырау қ., Қазақстан).
3. Орлов Александр – Украина Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты. Мемлекеттік салық университетінің сауықтыру технологиялары және дене шынықтыру-спорттық оңалту кафедрасының доценті, (Ирпен қ., Украина).
Қорғау 2026 жылғы 16 маусым, сағат 11:00-де ҚазСТА-ның 8D01401 – Дене шынықтыру және спорт диссертациялық кеңесінде, мына мекен-жайда өтеді:
050022, Алматы қ., Абай даңғылы., 85, 2 қабат, 218 мәжіліс залы.
Онлайн форматта Zoom конференциясына қосылуға болады:
https://us06web.zoom.us/j/87412689000?pwd=hboTOu4NZKrEbafBFTdDd8pqKW25tT.1
Конференция идентификаторы: 874 1268 9000
Кіру коды: 769079
Сайт адресы: www.kazast.kz
e-mail: kazsport@inbox.ru