«ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті жанындағы 8D10 – Денсаулық сақтау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте 8D10141 – «Медицина» білім беру бағдарламасы бойынша Едил Бекбаевич Куракбаевтың философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған «Раннее выявление предвестников критического состояния у детей с острым лимфобластным лейкозом» тақырыбында докторлық диссертациялық жұмысының қорғауы өтеді.
Диссертациялық жұмыс «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетінің «Эпидемиология, дәлелді медицина және биостатистика» кафедрасында орындалған.
Қорғау тілі – орыс.
Рецензенттер:
1. Ергали Маматович Миербеков – м.ғ.д., профессор, «Қазақстан-Ресей медициналық университеті» БҒМ анестезиология және реаниматология курсының меңгерушісі, «Анестезиологтар мен реаниматологтар федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті.
2. Леонид Петрович Киселев – м.ғ.д., профессор, Беларусь мемлекеттік медицина университетінің балалар онкологиясы, гематологиясы және иммунологиясы кафедрасының профессоры, Минск қ., Беларусь Республикасы.
Ғылыми кеңесшілер:
1. Ботагоз Саитовна Турдалиева – медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Профилактикалық медицина академиясының академигі, ғылыми қызмет және стратегиялық даму жөніндегі директордың орынбасары, жұмыс орны – «Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК;
2. Лязат Нурбапаевна Манжуова – м.ғ.к., профессор, «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі Басқарма төрағасының орынбасары.
Шетелдік ғылыми кеңесші: Владислав Владимирович Щукин – медицина ғылымдарының кандидаты, РФ ДСМ «Дмитрий Рогачев атындағы балалар гематологиясы, онкологиясы және иммунологиясы ұлттық медициналық зерттеу орталығы» федералдық мемлекеттік бюджеттік мекемесінің анестезиология және реанимация бөлімшесінің меңгерушісі.
Диссертациялық кеңестің тұрақты құрамы:
1. Талгат Сейтжанович Нургожин – м.ғ.д., «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ;
2. Александр Витальевич Нерсесов – м.ғ.д., профессор, «С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ;
3. Гульсум Клышпековна Аскарова – м.ғ.д., профессор, «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті» ЖШС;
4. Гульнара Салаватовна Святова – м.ғ.д., профессор, «Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» АҚ.
Диссертациялық кеңестің уақытша құрамы:
1. Дилором Ильхамовна Ахмедова – м.ғ.д., профессор (14.00.09 – Педиатрия), Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Ташкент мемлекеттік медицина университетінің госпитальдық педиатрия, халықтық медицина кафедрасының профессоры, Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бас педиатры.
2. Жансулу Нукиновна Саркулова – м.ғ.д., профессор, «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ анестезиология және реаниматология кафедрасының меңгерушісі;
3. Шайирбек Алибаевич Сулайманов – м.ғ.д., профессор, Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Ұлттық ана мен баланы қорғау орталығының директоры, Бішкек қ., Қырғызстан.
Қорғау 2026 жылғы 11 маусым, сағат 16:00-де «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті жанындағы диссертациялық кеңесте өтеді.
Мекенжайы: Алматы қаласы, Өтепов көшесі, 19а, конференц-зал, 5-қабат.
Zoom конференциясына қосылуға арналған сілтеме:
https://us02web.zoom.us/j/2818827485?pwd=Ky9Ua05JbmttQm9xSXAxeTJZWlJpUT09
Конференция идентификаторы: 281 882 7485, Кіру коды: 123456
ДК хатшысы: Индира Казбековна Тулебаева,
e-mail: tulebayeva.ik@gmail.com