«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ жанындағы «8D101 – Денсаулық сақтау» даярлау бағыты (8D10140 – Фармация БББ) бойынша диссертациялық кеңесте философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Иманалиева Салтанат Маршаловнаның «Стероидты емес қабынуға қарсы препараттың балаларға арналған дәрілік түрлерін жасау және биофармацевтикалық зерттеу» тақырыбындағы докторлық диссертациясының қорғауы өтеді.
Диссертация «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ «Дәрілер технологиясы және фармакогнозия» кафедрасында орындалған.
Қорғау тілі – қазақ тілі.
Ресми рецензенттер:
1) Сакипова Зуриядда Бектемировна – фармация ғылымдарының докторы, профессор, «С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ Фармация факультетінің деканы (Алматы қ., Қазақстан);
2) Итжанова Хорлан Искожиевна - фармация ғылымдарының докторы, «Қарағанды медициналық университеті» КеАҚ Фармация мектебінің доценті (Қарағанды қ., Қазақстан).
Отандық ғылыми кеңесші:
1) Сагиндыкова Баян Ахметовна – фармация ғылымдарының докторы, «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ дәрілер технологиясы және фармакогнозия кафедрасының профессоры, Азиялық ғылым академиясының академигі, Халықаралық ғылым академиясы Әзірбайжан секциясы академигі (Шымкент қ., Қазақстан).
Шетелдік ғылыми кеңесші:
1) Каухова Ирина Евгеньевна – фармация ғылымдарының докторы, Санкт-Петербург мемлекеттік химия-фармацевтикалық университеті Юрий Карлович Сандер атындағы Дәрілердің өндірістік технологиясы кафедрасының профессоры (Санкт-Петербург қ., Ресей Федерациясы).
Диссертациялық кеңестің тұрақты мүшелері:
1) Шертаева Клара Джолбарисовна – фармация ғылымдарының докторы, «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ «Фармация ісін ұйымдастыру және басқару» кафедрасының профессоры (Шымкент қ., Қазақстан);
2) Умурзахова Галия Жанбурбаевна – философия докторы (PhD), «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ «Фармация ісін ұйымдастыру және басқару» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Шымкент қ., Қазақстан);
3) Ордабаева Сауле Кутимовна – фармация ғылымдарының докторы, профессор, «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ «Фармацевтикалық және токсикологиялық химия» кафедрасының меңгерушісі (Шымкент қ., Қазақстан);
4) Орынбасарова Кулпан Кенжебаевна – фармация ғылымдарының кандидаты, «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ «Дәрілер технологиясы және фармакогнозия» кафедрасының профессоры (Шымкент қ., Қазақстан).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1) Максудова Фируза Хуршидовна – фармация ғылымдарының докторы, профессор, Ташкент фармацевтикалық институтының тәжірибе жөніндегі проректоры, дәрілік құралдардың өндірістік технологиясы кафедрасының меңгерушісі (Ташкент қ., Өзбекстан);
2) Джумагазиева Ардак Бисенбаевна – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» АҚ микробиология зертханасының меңгерушісі (Алматы қ., Қазақстан);
3) Картбаева Эльмира Бекболовна – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ фундаменталды медицина кафедрасының зерттеуші-доценті (Алматы қ., Қазақстан).
Қорғау 2026 жылы 18 маусымында сағат 11:00-де «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ жанындағы диссертациялық кеңесте «8D10140 – Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша өтеді. Мекен-жайы: Шымкент қ., Әл-Фараби алаңы 1, 2-қабат, кіші зал.
ZOOM платформасы арқылы қатысу:
Қорғау аралас форматта Zoom платформасында өткізіледі, конференция сілтемесі:
https://us06web.zoom.us/j/9943253515?pwd=FN3b5Z0DvG6thSQOxllANMbgoa3Hic.1&omn=81457392828
Идентификатор конференции: 994 325 3515
Код доступа: 2026
Ғалым хатшы: фармация ғылымдарының кандидаты, профессор Орынбасарова Кулпан Кенжебаевна
Ұялы телефон: 8 701 7537260, e-mail: kulpan_ok@mail.ru