«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ 8D07201 – «Тамақ өнімдерінің технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған Костанова Анель Талгатовнаның «Деликатес ет өнімін өндіруде жылқының екіншілік шикізатын кешенді пайдалану технологиясын жасау» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ Инжиниринг және азық-түлік технологиялар институтында орындалған.
Қорғау тілі: орыс тілі.
Ғылыми кеңесшілері:
Байтукенова Шолпан Байдильдаевна – техника ғылымдарының кандидаты (Hirsch index – 4), Инжиниринг және азық-түлік технологиялар институтының қауымдастырылған профессоры, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ, Астана қ., Қазақстан Республикасы.
Zamaratskaia Galia – философия докторы (PhD) (Hirsch index – 35), Тағам өнімдерінің сапасы саласындағы сыртқы ынтымақтастық бойынша маман, Молекулалық ғылымдар кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Швеция ауыл шаруашылығы ғылымдары университеті, Уппсала қ., Швеция.
Ресми рецензенттері:
Рскелдиев Бердикул Абдазимович – техника ғылымдарының докторы (Hirsch index – 3), «Тағам өнімдерінің технологиясы» кафедрасының профессоры, «Алматы технологиялық университеті» АҚ, Қазақстан Республикасы Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.
Идырышев Берік Арыстанбекұлы – философия докторы (PhD) (Hirsch index – 4), «Тамақ технологиясы» кафедрасының постдокторант-зерттеушісі, «Шәкәрім Университеті» КеАҚ, Семей қ., Қазақстан Республикасы.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Кошоева Толгонай Рысбековна – техника ғылымдарының кандидаты (Hirsch index – 1), «Қоғамдық тамақтандыру өнімдерінің технологиясы» кафедрасының доценті, И.Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті, Бішкек қ., Қырғыз Республикасы.
Ербулекова Молдир Танатаровна - философия докторы (PhD) (Hirsch index – 5), «Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің ғалым хатшысы, «Тамақ технологиясы» бағыты бойынша қауымдастырылған профессор, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.
Шингисов Азрет Утебаевич – техника ғылымдарының докторы (Hirsch index – 5), «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының профессоры, «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» КеАҚ, Шымкент қ., Қазақстан Республикасы.
Қорғау 2026 жылы 29 мамырда сағат 10:00-де «Сакен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ жанындағы Диссертациялық кеңесінде өтеді.
Мекенжайы: 010011, Астана қ., Жеңіс даңғылы, 62Б, Инжиниринг және азық-түлік технологиялар институтының ғимараты, №4204 конференц-залы.
Онлайн трансляция ZOOM платформасында өтеді:
Конференция идентификаторы: 999 5753 5784
Кіру коды: 412936
Сайт мекенжайы: www. kazatu.edu.kz;
e-mail: k.makangali@kazatu.edu.kz