ҚР МКҚ арнаулы мақсаттағы бөлімшелерінің оқу-жаттығуы өткізілді

Жарияланған күні: 27 желтоқсан 2022

ҚР МКҚ арнаулы мақсаттағы бөлімшелерінің оқу-жаттығуы өткізілді

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Бастығы генерал-майор С.С.Исабековтің нұсқауы бойынша, ағымдағы жылғы 26 желтоқсаннан 27 желтоқсанға қараған түні Астана және Алматы қалаларында ҚР МКҚ арнаулы мақсаттағы бөлімшелерінің тосын жедел -тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді.

 

Оқу-жаттығу барысында арнаулы мақсаттағы бөлімшелердің күштері мен құралдары жедел-қызметтік әзірліктің жоғарғы дәрежесіне келтірілгеннен кейін оқу-жаттығу тапсырмаларын орындау үшін шоғырлану аумағына шықты.