Ұлы Отан Соғысы ардагері Жақан Сейсебаевқа құрмет көрсетілді

Ұлы Отан Соғысы ардагері Жақан Сейсебаевқа құрмет көрсетілді

Ұлы Жеңістің 76 жылдығын мерекелеу құрметіне орай,  ағымдағы жылдың 7 мамырында Ұлы Отан соғысының ардагері Жақан Сейсебаевты құттықтау шарасы өтті.

     Жақан Сейсебаев, 10.03.1925 жылы Алматы облысында туылған. Ол Белоруссияны азат ету үшін болған шайқаста үш рет жарақат алып, жеңісті Кенигсбергте (Шығыс Пруссия) қарсы алған. Мұнан кейін ардагер кеңес-жапон соғысында да ерлік көрсеткен. Тек 1948 жылы Қазақстанға оралған. Кескілескен ұрыста көрсеткен жауынгерлік ерлігі үшін Отан соғысы орденімен марапатталған, сондай-ақ II дәрежелі «Ерлігі үшін» медалімен, басқа да мерейтойлық төсбелгілермен наградтталған.

     Ардагерге ҚР МКҚ бастығының орынбасары генерал-лейтенант Т.С. Мұхтаров Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Бастығы генерал-полковник Қ.Н.Қасымовтың арнайы құттықтауын жеткізіп, гүл шоқтары мен сый-сияпат табыстады.

    Құттықтау іс-шарасы ардагер тұратын Нұр-Сұлтан қаласы, Сәтпаев көшесі, 20-үй мекенжайында,  оның жақын туысы болып табылатын ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкері полковник М.Б. Сыздықовтың қолдауымен өтті.  

   Аталған шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Президенттік оркестрінің музыкалық сүйемелдеуімен  өтіп, ардагерді ҚР МКҚ Айрықша мақсаттағы күштердің «Айбын» президенттік полкінің құрмет қарауыл ротасының әскери қызметшілері салтанатты түрде қарсы алды.

    Бұдан басқа, ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің жақын туыстары болып табылатын тыл ардагерлерін және қаза тапқан ҚР МКҚ қызметкерлерінің отбасы мүшелерін Қызметтің қызметкерлері ҚР МКҚ Ардагерлер кеңесімен бірлесіп құттықтады.

Оқиға күні

08 мамыр 2021

Оқиға түрі

Пресс-релиз