Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Қабылдауға жазылу
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көру1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің – Елбасының және басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
2) күзетiлетiн адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқықтарына, бостандықтарына, жеке басының қадiр-қасиетiне және меншiгiне қарсы бағытталған құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу;
3) күзетілетін объектілерде және күзетілетін адамдар болатын басқа да жерлерде олардың меншігін күзету, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
4) өз өкілеттіктері шегінде терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыру;
5) күзетiлетiн адамдар мен объектiлерге төнетін қатерлердi болжау және анықтау, олардың алдын алу және залалсыздандыру жөнiндегi жедел шаралар кешенін жүзеге асыру;
6) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының эталондарын күзетуді жүзеге асыру және рәсімдік және хаттамалық іс-шараларды атқаруға қатысу.
Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің өзге де мiндеттерi белгіленуі мүмкін.
ҚР МКҚ-дағы қызметке үміткерлерге мынадай ортақ біліктілік талаптары қойылады:
соттылығының, соның ішінде өтелмеген әкімшілік құқық бұзушылықтың болмауы;
оқу, жұмыс, қызмет, тұратын жері бойынша оң мінездеменің болуы;
болжалды лауазымның талаптарына сай келетін денсаулық жағдайы;
тиісті дене шынықтыру даярлығы, бойы кемінде 180 сантиметрден кем емес;
болжалды лауазымға сай келетін білімінің болуы;
іскерлік, жеке қасиеттері, білім деңгейі, мамандығы, жұмыс тәжірибесі бойынша болжалды қызмет саласына сәйкес болуы;
әскери даярлығының болуы (ЖОО әскери кафедрасы, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер министрлігінің, Экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің және Төтенше жағдайлар министрлігінің немесе басқа да мемлекеттердің ұқсас құрылымдарының жоғары және арнаулы оқу орындары, не болмаса Қарулы Күштердегі әскери қызмет).
Күзетілетін адамдар – Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi туралы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі күзетуге жататын адамдар.
Мыналар күзетілетін адамдар болып табылады:
- Қазақстан Республикасының Президенті;
- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы;
- Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы;
- Қазақстан Республикасының Премьер-министрі;
- Республика Президентінің зайыбы (жұбайы) және Президентпен бірге тұратын басқа да отбасы мүшелері;
- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы;
- Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының онымен бірге тұратын отбасы мүшелері немесе оған еріп жүрушілер;
- Қазақстан Республикасының экс-президенті;
- тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдары;
- қауіпсіздігі Қазақстан Республикасының аумағында болуы кезеңінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес қамтамасыз етілетін шет мемлекеттердің, шет елдер парламенттері мен үкіметтерінің басшылары;
- қауіпсіздігі Қазақстан Республикасының аумағында болуы кезеңінде Қазақстан Республикасы Президентінің немесе оның тапсыруымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының өкімдері негізінде қамтамасыз етілетін халықаралық ұйымдардың басшылары мен шет мемлекеттердің өзге де адамдары.