

Президентский оркестр Службы государственной охраны Республики Казахстан был образован в 1992 году в соответствии с Указом Президента Республики Казахстан, имеющим силу Закона «О Республиканской гвардии», для обеспечения музыкальной части официальных протокольных, государственных, дипломатических и иных торжественных мероприятий Республики Казахстан.
Президентский оркестр – это ведущий музыкальный коллектив республики, активно участвующий в культурной и концертной жизни страны. В состав Президентского оркестра СГО РК входят коллективы: духовой оркестр, ансамбль народной музыки, эстрадно-симфонический оркестр, ансамбль песни и эстрады и административно-творческий отдел.
Начальник Президентского оркестра – Заслуженный деятель Республики Казахстан, кавалер ордена «Құрмет», подполковник Рахимгалиев Дархан Ермекович. Он окончил Военный институт (военных дирижеров) Военного университета Министерства обороны Российской Федерации в Москве. Рахимгалиев Д.Е. является лауреатом I премии Международного конкурса оркестровых дирижеров имени Вероники Дударовой.
Президентский оркестр обладает широкими художественно-творческими возможностями, что обусловлено значительным жанровым
и стилистическим диапазоном его репертуара, который включает выдающиеся образцы казахского музыкального искусства, в том числе различные стили домбровой музыки – шертпе и төкпе, а также произведения традиционного вокального искусства, представляющие певческие школы Западного, Центрального и Южного регионов Казахстана. Особое место занимают произведения для казахских народных музыкальных инструментов – домбыра, қыл-қобыза, саз-сырная, сыбызғы, жетігена, шертера и других. Наряду с традиционным музыкальным наследием репертуар охватывает произведения мировой классики – от старинной музыки до сочинений современных композиторов, а также эстрадные
и джазовые композиции.
В репертуар духового оркестра входят государственные гимны зарубежных стран, военные и концертные марши, танцевальная
и развлекательная музыка, а также произведения композиторов Казахстана. Коллектив духового оркестра принимал активное участие во многих международных фестивалях духовой музыки таких как : «Спасская башня» (Россия, г. Москва,) , «Music Parade» (Германия, тур по городам: Лейпциг, Кёльн, Ветцлар, Магдебург, Штутгарт, Бремен, Эссен, Франкенталь, Франкфурт, Фрайбург), Фестиваль военных духовых оркестров (Греция,г.Афины), Фестиваль военных духовых оркестров «Амурские волны» (Россия, г.Хабаровск), «Berlin Tattoo» (Германия, г. Берлин), «Bursa uluslar bandolier festivali» (Турция, г. Бурса)
Президентский оркестр по праву гордится своими артистами и музыкантами – высокопрофессиональными исполнителями, лауреатами международных конкурсов, обладателями государственных наград и званий.
Значительная часть музыкантов коллектива удостоена почетного звания «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері». Среди них: Мадекешова А. У., Карабекова А. Ж., Бейсенова Н. В., Мухамедиев Е. О., Мырзабекова Г. Б., Сарсенбеков Е. Т., Сапаргалиева Ж. Е., Паныч Г. Г., Жакаев Ж. К., Сапаров Д. С., Бейсембаев К. Т., Даулетханова С. С. Садирбаев Е. , Избасаров А. А., Касаинов А. Ж., Кумарова А. Е., Жумагалиева Г. У. Высокой государственной награды – ордена «Құрмет» – удостоен Альмишев С. Ш. Ансамбль народной музыки Президентского оркестра является лауреатом Государственной молодежной премии «Дарын». Так же в состав Президентского оркестра входят группы «Абырой» и «ASU» .
Высокий профессиональный уровень музыкантов, их творческий потенциал, исполнительская культура и ответственное отношение к профессии являются важными составляющими деятельности оркестра. Музыканты бережно относятся к национальному и мировому культурному наследию, придерживаются высоких морально-нравственных принципов и сохраняют приверженность духовным и культурным ценностям.
Президентский оркестр – уникальный творческий коллектив, обладающий самобытным исполнительским стилем, высоким профессиональным уровнем и ярко выраженным творческим почерком. За годы творческой деятельности оркестр сформировал свою широкую аудиторию, заслужил высокий авторитет и признание в Казахстане и за его пределами. Выступления оркестра неизменно пользуются большим интересом у публики и проходят при полном зрительском зале. Сегодня Президентский оркестр по праву является одним из значимых профессиональных музыкальных коллективов страны, достойно представляющих музыкальную культуру Казахстана на мировой сцене
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрі 1992 жылы Қазақстан Республикасының Президентінің «Республикалық ұлан туралы» Заң күші бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасындағы ресми хаттамалық, мемлекеттік, дипломатиялық және өзге де салтанатты іс-шаралардың музыкалық сүйемелдеуін қамтамасыз ету мақсатында құрылды.
Президенттік оркестр – республиканың жетекші музыкалық ұжымдарының бірі, еліміздің мәдени және концерттік өміріне – тыныс тіршілігіне белсенді қатысып келе жатқан шығармашылық ұжым. Қазақстан Республикасы МКҚ Президенттік оркестрінің құрамына: үрмелі оркестр, халық музыкасы ансамблі, эстрадалық-симфониялық оркестр, ән және эстрада ансамблі, сондай-ақ әкімшілік-шығармашылық бөлім кіреді.
Президенттік оркестрдің бастығы – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің кавалері, подполковник Рахимгалиев Дархан Ермекович. Ол Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Әскери университетінің Әскери институтын (әскери дирижерлер) Мәскеу қаласында тәмамдаған. Рахимгалиев Д.Е. Вероника Дударова атындағы оркестр дирижерлерінің халықаралық конкурсының I жүлдесінің лауреаты.
Президенттік оркестрдің кең ауқымды көркемдік-шығармашылық мүмкіндіктері оның репертуарының жанрлық және стильдік алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Репертуарында қазақ музыкалық өнерінің таңдаулы туындылары, соның ішінде домбыра музыкасының шертпе және төкпе дәстүрлері, сондай-ақ Қазақстанның Батыс, Орталық және Оңтүстік өңірлерінің дәстүрлі әншілік мектептерін танытатын вокалдық өнер туындылары кеңінен қамтылған.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарына – домбыра, қобыз, қылқобыз, сазсырнай, сыбызғы, жетіген, шертер және басқа да аспаптарға арналған шығармалар ерекше орын алады. Дәстүрлі музыкалық мұрамен қатар, оркестр репертуарында көне музыкадан бастап қазіргі заман композиторларының шығармаларына дейінгі әлемдік классиканың таңдаулы туындылары, сондай-ақ эстрадалық және джаздық композициялар қамтылған.
Үрмелі оркестрдің репертуарына шет мемлекеттердің мемлекеттік гимндері, әскери және концерттік марштар, би және ойын-сауық музыкасы, сондай-ақ Қазақстан композиторларының шығармалары енген.
Үрмелі оркестр ұжымы көптеген халықаралық үрмелі музыка фестивальдеріне белсенді қатысты. Олардың қатарында: «Спасская башня» халықаралық әскери музыка фестивалі (Ресей, Мәскеу қаласы), «Music Parade» (Германия, Лейпциг, Кёльн, Ветцлар, Магдебург, Штутгарт, Бремен, Эссен, Франкенталь, Франкфурт, Фрайбург қалаларындағы гастрольдік тур), Әскери үрмелі оркестрлер фестивалі (Грекия, Афины қаласы), «Амурские волны» әскери үрмелі оркестрлер фестивалі (Ресей, Хабаровск қаласы), «Berlin Tattoo» (Германия, Берлин қаласы), «Bursa Uluslar Bandolier Festivali» (Түркия, Бурса қаласы) және басқа да халықаралық мәдени іс-шаралар бар.
Президенттік оркестр өзінің әртістері мен музыканттарын – жоғары кәсіби деңгейдегі орындаушыларды, халықаралық конкурстардың лауреаттарын, мемлекеттік наградалар мен құрметті атақтардың иегерлерін мақтан тұтады.
Ұжым музыканттарының едәуір бөлігі «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына ие. Олардың қатарында: Мадекешова А. У., Карабекова А. Ж., Бейсенова Н. В., Мухамедиев Е. О., Мырзабекова Г. Б., Сарсенбеков Е. Т., Сапаргалиева Ж. Е., Паныч Г. Г., Жакаев Ж. К., Сапаров Д. С., Бейсембаев К. Т., Даулетханова С. С., Садирбаев Е., Избасаров А. А., Касаинов А. Ж., Кумарова А. Е., Жумагалиева Г. У.
Жоғары мемлекеттік награда – «Құрмет» орденімен Альмишев С. Ш. марапатталған.
Президенттік оркестрдің халық музыкасы ансамблі «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты болып табылады. Сонымен қатар, Президенттік оркестрдің құрамында «Абырой» және «ASU» топтары өнер көрсетеді.
Музыканттардың жоғары кәсіби шеберлігі, шығармашылық әлеуеті, орындаушылық мәдениеті және кәсібіне жауапкершілікпен қарауы оркестр қызметінің маңызды құрамдас бөліктері болып табылады. Музыканттар ұлттық және әлемдік мәдени мұраға ұқыпты қарап, жоғары моральдық-адамгершілік қағидаттарды ұстанады және рухани әрі мәдени құндылықтарға деген адалдығын сақтайды.
Президенттік оркестр – өзіндік орындаушылық стилі, жоғары кәсіби деңгейі және айқын шығармашылық қолтаңбасы қалыптасқан бірегей шығармашылық ұжым. Шығармашылық қызмет жылдарында оркестр өзінің кең аудиториясын қалыптастырып, Қазақстанда және одан тыс жерлерде жоғары беделге ие болып және өздерін шеберліктерін мойындатып жүр. Оркестрдің өнер көрсетуі көрермендердің әрдайым үлкен қызығушылығын тудырып, концерттері аншлагпен өтеді. Бүгінде Президенттік оркестр Қазақстанның музыкалық мәдениетін әлемдік сахнада лайықты танытып жүрген еліміздің маңызды кәсіби музыкалық ұжымдарының бірі болып саналады.