Тыл департаменті Медициналық басқарманың МӘМС жүйесінде тіркелген контингентті медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру тобының бас сарапшысы, С-4 санаты (1 бірлік), В блогы.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

260615

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Денсаулық сақтау
  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Жалпы медицина

Қосымша талаптар

Білімі жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) саласында (жалпы медицина, емдеу ісі, қоғамдық денсаулық сақтау) саласында. Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Құзыреттердің бар болуы: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Функционалды міндеттер

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізу жөніндегі іс-шараларды (бұдан әрі – МӘМС) ұйымдастыру және оған қатысу. МӘМС жүйесінде құқық қорғау органдары қызметкерлерін, олардың отбасы мүшелерін және құқық қорғау органдарының зейнеткерлерін медициналық қамтамасыз етуді регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-мен және басқа мемлекеттік органдармен МӘМС мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады. МӘМС мәселелері бойынша семинарлар, конференциялар жүргізуді ұйымдастыруға қатысады., МӘМС мәселелері бойынша Алқа, ІІМ кеңестері үшін ақпараттар, материалдар дайындауға қатысады. Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 11.10.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

12.10.2022 – 20.10.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

27.10.2022

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы ІІМ, 010000, Астана қаласы, Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы 1

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 72-22-72