Заң департаменті Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты (1 бірлік), В блогы.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Астана қаласы
260615
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Құзыреттердің бар болуы: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
Функционалды міндеттер
ІІМ жүйесіндегі құқықтық жұмысқа ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады. Министр-лік комитеттерінің құқықтық бөліністерінің және аумақтық ішкі істер органдары заң қызметтерінің жұмысын үйлес-тіреді. ІІМ жүйесіндегі құқықтық жұмыстың жай-күйін тал-дайды және бағалайды, оны жетілдірудің басым бағыттарын белгілейді. Министрге қол қоюға (келісуге) ұсынылған НҚА, халықаралық шарттардың жобаларына құқықтық сараптама жүргізеді. ІІМ НҚА-ларын іріктеу және мемлекеттік тіркеуге жолдау бойынша жұмысты ұйымдастырады. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Үкіметтің қаулыларын, ішкі істер органдарының қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық бұйрықтарды мониторингілеу бойынша жұмысты ұйымдастырады. Мемлекеттік органның нормашығармашылық қызметін ұдайы талдайды және қорытындылайды. Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің шұғыл тапсырмаларын орындайды. ІІО қызметін құқықтық қамтамасыз ету мәселелері бойынша депутаттардың, мемлекеттік органдардың сауалдарына жауапты дербес немесе ІІМ-нің өзге де бөліністерін тарта отырып дайындайды. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ІІМ-нің және Департаменттің басшылығы үшін ақпараттық, есептік құжаттар, анықтамалар дайындауды қамтамасыз етеді. Келісу үшін басқармаға келіп түскен нормативтік құқықтық актілер жобаларының заңнамаға сәйкестігін қарайды. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 27.10.2022
- Қазақстан Республикасы ІІМ, 010000, Астана қаласы, Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы 1,
-
8 (7172) 72-22-72