Ішкі бақылау тобының жетекші маманы

Мемлекеттік орган

Астана қаласының Полиция департаменті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-O-6 (Жетекші маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

97510 - 132020

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім

Мамандығы

  • Есеп және аудит

Қосымша талаптар

әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (менеджмент және/немесе қаржы және/немесе есеп және аудит және/немесе экономика және/немесе мемлекеттік аудит).

 

Функционалды міндеттер

Нұр-Сұлтан қаласы ПД-нің бастығы бекіткен жоспарға сәйкес ПД-нің басқармалары мен дербес бөліністеріне ішкі қаржылық бақылауды жүргізеді. ПД-не бөлінген республикалық, жергілікті бюджеттерден және өзге де ақшалай қаражаттардан бюджеттік қаражаттардың, активтердің тиімді және негізді пайдаланылуына бақылау іс-шараларын жүргізеді. ПД-нің, оның басқармалары және дербес бөліністерінің есепке алуды және есеп беруді жүргізуінің шынайылығы мен дұрыстығын бақылайды. ПД-нің, оның басқармалары және дербес бөліністері жұмысының сапасын және өнімділігін арттыру мақсатында оның қызметінің бағыттары бойынша ішкі бақылауды жүргізеді. ПД басшылығының өкімдері және сот, тергеу органдарының қаулылары бойынша ПД-де, оның басқармалары және дербес бөліністерінде ішкі бақылау жүргізеді. Бақылау іс-шараларының материалдарын қорытады және талдайды, ПД бастығына бақылау-ревизиялық жұмысының нәтижелері туралы баяндама дайындайды. Ішкі бақылау жүргізуге байланысты хаттарды, шағымдар мен өтініштерді және топтың құзыретіне кіретін басқа да мәселелерді қарайды. Топтың бақылау-ревизиялық жұмысы жөнінде қажетті есептерді ұсынады. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 21.01.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

24.01.2022 – 01.02.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

04.02.2022

Сұхбаттасу орны

Нұр- Сұлтан қаласы Бейбітшілік к-сі 19

Анықтама алу үшін байланыс

8-7171-71-62-69