ҚР ІІМ Заң департаменті директорының орынбасары

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-2

Орташа лауазымдық айлықақы

204046 - 275719

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  3. А-4, B-5, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық және оларға теңестірілген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  6. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  7. жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  8. ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  9. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық

Функционалды міндеттер

Департаменттің жұмысын ұйымдастырып қамтамасыз етеді. Заңдарының және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеуді және дайындауға қатысуды қамтамасыз етеді. Министрлік әзірлейтін заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттардың, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдардан келісуге келіп түсетін жобаларға құқықтық сараптаманы жүзеге асыруды ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін дайындау бойынша ІІМ-нің жұмыс топтарының қызметіне қатысады, мемлекеттік органдардың, Парламенттің, Президент Әкімшілігінің және Үкіметтің жұмыс топтарына қатысады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстары жоспарының орындалуын қамтамасыз етеді. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүддесін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің сараптамасын Сараптама кеңесі қызметінің шеңберінде өткізуге олардың құқығын тану үшін аккредиттеу рәсімдерін өткізуді қамтамасыз етеді. Жеке кәсіпкерлік субъектілерімен өзара іс-қимыл жасасу бойынша Сараптама кеңесінің қызметін қамтамасыз етеді. Қызметтермен бірлесіп, ішкі істер органдарының қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүргізуді қамтамасыз етеді.

Министрліктің құрылымдық бөліністерінің ведомстволық және ведомствоаралық нормативтік құқықтық актілерді уақтылы Мемлекеттік тіркеуін ұйымдастырып қамтамасыз етеді және бақылайды. Ішкі істер органдары нормативтік құқықтық базасын жетілдіру және ведомстволық норативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мәселелері бойынша Министрліктің құрылымдық бөліністерінің қызметін үйлестіреді. Норма шығару қызметі мәселелерінде Министрлік басшылығының өзге ведомстволармен және бағынысты органдармен өзара іс-қимыл жасасуын ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдасты-рады. Басқа мемлекеттік органдарда Заң департаменті директорының нұсқауы бойынша департаменттің мүддесін білдіреді. Ішкі істер органдары жүйесіндегі норма шығару жұмысының жай-күйі туралы Министрліктің басшылығына тұрақты хабарлауды қамтамасыз етеді. Өзге мемлекеттік органдардың заң қызметтерімен, ғылыми-зерттеу мекеме-лерімен және заң бейініндегі оқу орындарымен өзара іс-қимыл жасасуды қолдайды. Келісімшарттық жұмыстың орындалуын ұйымдастырады, келісімшарттық міндеттердің орындалу есебін, келісімшарттардың дұрыс және уақтылы жасалуын қамтамасыз етуге шаралар қабылдайды, келісімшарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған кезде ықпал ету шараларын қолданады. Министрліктің талап-арыз жұмысын ұйымдасты-рады, сот отырыстарына тікелей өзі қатысады және Министрліктің өзге құрылымдық бөліністері, аумақтық ішкі істер органдары,          ІІМ-нің мемлекеттік ведомстволық бағы-нысты мекемелері өкілдерінің қатысуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ өзге мемлекеттік органдарда ішкі істер органдарының заңды құқықтарын және мүддесін қорғау бойынша талап-арыздарды ұсыну және қарау бойынша жұмыстардың жай-күйін талдайды. Министрліктің құрылымдық бөліністерімен бірлесіп, жалпыға бірдей құқықтық оқулар өткізуді, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын насихаттауды және түсіндіруді қамтамасыз етуді ұйымдастырады. ІІО заң қызметтерінің жұмысына аумақтық бақылауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Заңды және жеке тұлғалардың шағымдарын, өтініштерін, арыздарын қарауды ұйымдастырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 05.05.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

06.05.2021 – 18.05.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

21.05.2021

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сүлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 1,

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 72-22-72