Ақпараттық саясат департаменті Имидждік жұмыс және мониторинг басқармасы имидждік жұмыс және мониторинг тобының бас сарапшысы, (1 бірлік, негізгі жұмыскердің уақытша болмау кезеңіне, 2026 жылғы 10 наурызға дейін), В блогы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Астана қаласы
268 344
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
- Өнер және гуманитарлық ғылымдар (білім беру саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (білім беру саласы)
- Құқық
- Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс (білім беру саласы)
- Құқықтану
- Құқық қорғау қызметі
Функционалды міндеттер
Ақпараттық кеңістікке мониторинг жүргізеді, қоғамда теріс әсер қалыптастыратын ақпаратты анықтаған жағдайда басқарма басшылығын уақтылы хабардар етеді; Ішкі істер органдарының қызметіне қатысты бұқаралық ақпарат құралдарындағы сыни жариялымдарды статистикалық есепке алуды жүзеге асырады; Аумақтық ішкі және сыртқы коммуникациялар бөліністерінің қызметі туралы есептерді жинауды және қорытындылауды жүзеге асырады; Тікелей басшының және Департамент басшылығының өзге де тапсырмаларын орындайды; Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де міндеттерді сақтайды; Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтайды; ІІМ құрылымдық бөліністерінен және ведомстволық бағынысты ұйымдарынан жүктелген функцияларды орындауға қажетті құжаттарды, анықтамаларды, есептерді және басқа да материалдарды сұратады және алады; Мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлау курстарында кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру, сондай-ақ тағылымдамаларға қатысу; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мәселелер бойынша ІІМ-де және басқа да мемлекеттік органдарда өткізілетін кеңестерге, жұмыс топтарына және басқа да отырыстарға қатысады; Ішкі істер органдарында ақпараттық саясатты жетілдіру бойынша Департамент басшылығына ұсыныстар енгізеді; Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті ақпарат пен материалдарды белгіленген тәртіппен алады; Өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыру үшін өзге де құқықтарды өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 15.07.2024
- Астана қаласы, Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы 1
-
8 (7172) 71-52-29