ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Тылдық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2023 жылғы 4 мамырға дейін)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру мәселелерін келісу; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ведомстволық бағынысты мекемелермен және кәсіпорындармен, басқа мемлекеттік органдармен хат алысуды жүзеге асыру; негізгі құралдардың бірыңғай деректер базасын ұйымдастыру және іске асыру; ведомстволық бағынысты мекмелерді материалдық-техникалық құралдармен жарақтандыру бойынша моинторинг пен есеп материалдарын дайындау; үшжылдық кезеңге бюджеттік өтінімді қалыптастыру; нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту және оларды қолдану бойынша жұмысты ұйымдастыру, Комитет жоспарларын әзірлеуге және орындауға қатысу; тиістілік нормаларына сәйкес ведомстволық бағынысты мекемелердің материалдық-техникалық жарақталуын талдау және бақылау жасау; Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу; сатып алу жоспарларын қалыптастыру, веб-порталда шарттар тізілімін жүргізу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 28.07.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

29.07.2020 – 03.08.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

27.07.2020

Сұхбаттасу орны

г. Нур-Султан, проспект Мангилик Ел 8, подъезд 2

Анықтама алу үшін байланыс

87172602129; сот.: 87752422588