Тергеу департаментінің кеңсе сарапшысы, С-5 санаты (1 бірлік, негізгі қызметкердің уақытша болмау кезеңіне, 2024 жылғы 19 қазанға дейін), С блогы.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Астана қаласы
195549
Жалпы біліктілік талаптары
С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Бизнес және басқару
- Құқық
- Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (білім беру саласы)
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес
Қосымша талаптар
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: құқық, философия, тарих, дінтану, археология және этнология, мәдениеттану, әлеуметтану, саясаттану, психология, аймақтану, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, әлемдік экономика, еңбекті ұйымдастыру және нормалау, мемлекеттік аудит, спорт менеджменті, бағалау, биология, биотехнология,экология, география, гидрология, метеорология, физика, ядролық физика, химия, физика және астрономия, техникалық физика, математика, статистика, механика. Кәсіби құзыреттілігі: Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Құзыреттердің бар болуы: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
Функционалды міндеттер
Функционалдық міндеттері: Тергеу департаментінде құжаттаудың және құжат айналымының бірыңғай тәртібін сақтай отырып, іс жүргізуді қамтамасыз етеді. Кіріс және шығыс хат-хабарды электрондық түрдегі Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесінің базасында тіркеуді жүзеге асырады және есепке алады. Шығыс хат-хабарларын конверттейді және жібереді. Азаматтардың және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша мемлекеттік органдардың қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес азаматтардың өтініштері бойынша іс жүргізуді бақылайды. Қадағалау өндірісі бойынша азаматтардың өтініштері мен арыздары және оларды тиісті пайдалануға бергенге дейін, оларды белгіленген тәртіпте мұрағатқа тапсырғанға дейін сақтауды жүзеге асырады. Тергеу департаментіне келіп түскен бақылаудағы құжаттардың уақтылы орындалуына бақылауды жүзеге асырады. Тергеу департаменті бастығының қабылдау бөлмесінің жұмысын үздіксіз қамтамасыз етеді, сондай-ақ тиісті Тергеу департаменті басшыларының жеке қабылдауына жазылған азаматтарды тиісті журналында есепке алады. Тергеу департаментінің басқармалары әзірлеген құжаттардың мемлекеттік тілдегі аудармаларын редакциялайды. Нормативтік актілердің орындалуына және мемлекеттік тілді дамыту мәселелері бойынша ІІМ нұсқауларына бақылауды жүзеге асырады. Тергеу департаментінің істер номенклатурасын әзірлейді және оны жыл соңында жабады. Басқармаларда істер номенклатурасының дұрыс рәсімделуіне және қалыптастыруына бақылау жүргізеді. Жабық істер номенклатурасын тіркеуді жүргізеді. Департамент басшылығының жанында өткен жедел кеңестердің шешімдерін мен хаттамаларын тіркеу, есепке алу және сақтауды қамтамасыз етеді. Департаменттің мемлекеттік органдардың Интранет порталына келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 02.05.2024
- Астана қаласы, Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы 1
-
8 (7172) 72-25-89, 72-26-35, 72-20-72