Қаржымен қамтамасыз ету департаменті Жоспарлау және қаржыландыру басқармасының сарапшысы, С-5 санаты 1 бірлік, негізгі қызметкердің уақытша болмау кезеңіне, 2025 жылғы 2 тамызға дейін), В блогы.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Астана қаласы
208 062
Жалпы біліктілік талаптары
С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
ІІМ мемлекеттік және салалық (секторлық) бағдарламаларын дайындауға және әзірлеуге қатысады. Қазақстан Республикасы ІІМ әзірлейтін нормативтік құқықтық актілердің жобасына қаржылық есептерді дайындауды жүзеге асырады. Жоспарлау және қаржыландыру мәселелері бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелермен және ұйымдармен хат алмасуды жүзеге асырады. Ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша шолулар, анықтамалар, бұйрықтар, хаттамалар мен жедел кеңестің шешімдерін дайындауды жүзеге асырады. Оған бекітілген бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) дұрыс және негізді жоспарлануы үшін дербес жауапкершілікте болады. «Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы» Заңға сәйкес бекітілген бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) лимиттерін бөлуді жүзеге асырады және ведомстволық бағынысты бөліністерге жеткізеді. Ведомстволық бағынысты бөліністердің міндеттемелер мен төлемдер бойынша жылдық қаржыландыру жоспарын, есептік деректер мен көрсеткіштерді жинауды және тексеруді, бекітілген бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша лимиттерді әзірлеуді және жасауды қамтамасыз етеді. Бекітілген бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды талдайды. Бюджеттік өтінімдерді мемлекеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйесіне енгізеді. Міндеттемелер және төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларын қалыптастырады және қазынашылық органына ұсынады. Міндеттемелер және төлемдер бойынша бекітілген жеке қаржыландыру жоспарларын министрліктің бөліністеріне жеткізеді. Қаржы министрі, Қазынашылық органдары арқылы ведомстволық бағынысты бөліністерінің ашық лимиттері мен жоспарлы тағайындауын ай сайын негізді қайта бөлуді жүргізеді. Бюджеттік қаражаттарды қайта бөлуді жүргізу кезінде бюджеттік бағдарламалар бойынша үнемдеумен бюджеттік қысқартудың қажеттілігіне жиынтық есептерді дайындауды жүзеге асырады. Басқарма бастығының, Департамент басшылығының бір реттік тапсырмаларын орындайды. Қаржылық құжаттардың, хат алмасу бойынша құжаттардың сақталуын, олардың уақтылы мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз етеді. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша талаптарды сақтайды. Атқарып отырған лауазымынан босатылған (қызметтен босатылған, басқа лауазымға тағайындалған, ауысқан) кезде заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындалған қызметкерге, ал ол болмаған кезде мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығымен тағайындалған қызметкерге істерді тапсырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 26.03.2024
- Астана қаласы, Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы 1
-
8 (7172) 72-26-35, 72-20-72, 71-52-29