4. Қаржымен қамтамасыз ету департаменті Жоспарлау және қаржыландыру сарапшысы, С-5 санаты (1 бірлік, негізгі жұмыскердің уақытша болмау кезеңіне, 2026 жылғы 08 ақпанға дейін), В блогы.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-5 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

208 062

Жалпы біліктілік талаптары

С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)

Функционалды міндеттер

ІІМ мемлекеттік және салалық (секторлық) бағдарламаларын дайындауға және әзірлеуге қатысады. Қазақстан Республикасы ІІМ әзірлейтін нормативтік құқықтық актілердің жобасына қаржылық есептерді дайындауды жүзеге асырады. Жоспарлау және қаржыландыру мәселелері бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелермен және ұйымдармен хат алмасуды жүзеге асырады. Ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша шолулар, анықтамалар, бұйрықтар, хаттамалар мен жедел кеңестің шешімдерін дайындауды жүзеге асырады. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен ақшалай қаражат бөлу және материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы тоқсандық жедел есептерді дайындайды. Оған бекітілген бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) дұрыс және негізді жоспарлануы үшін дербес жауапкершілікте болады. «Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы» Заңға сәйкес бекітілген бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) лимиттерін бөлуді жүзеге асырады және ведомстволық бағынысты бөліністерге жеткізеді. Ведомстволық бағынысты бөліністердің міндеттемелер мен төлемдер бойынша жылдық қаржыландыру жоспарын, есептік деректер мен көрсеткіштерді жинауды және тексеруді, бекітілген бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша лимиттерді әзірлеуді және жасауды қамтамасыз етеді. Бекітілген бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды талдайды. Бюджеттік өтінімдерді мемлекеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйесіне енгізеді. Басқарма бастығының, Департамент басшылығының бір реттік тапсырмаларын орындайды. Қаржылық құжаттардың, хат алмасу бойынша құжаттардың сақталуын, олардың уақтылы мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз етеді. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша талаптарды сақтайды. Атқарып отырған лауазымынан босатылған (қызметтен босатылған, басқа лауазымға тағайындалған, ауысқан) кезде заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындалған қызметкерге, ал ол болмаған кезде мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығымен тағайындалған қызметкерге істерді тапсырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 07.03.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

11.03.2024 – 19.03.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

28.03.2024

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы 1

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 72-26-35, 72-20-72, 71-52-29