Тыл департаменті Мемлекеттік сатып алу және мониторинг басқармасы мемлекеттік сатып алу тобының сарапшысы, С-5 санаты (1 бірлік, негізгі жұмыскердің уақытша болмау кезеңіне, 2025 жылғы 13 қаңтарға дейін), В блогы.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Астана қаласы
208 062
Жалпы біліктілік талаптары
С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (білім беру саласы)
- Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
- Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс (білім беру саласы)
Функционалды міндеттер
Мемлекеттік сатып алудың жылдық (алдын ала) жоспарын әзірлейді және жасайды, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді. Бекітілген немесе нақтыланған мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына сәйкес республикалық бюджет қаражаты есебінен тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу рәсімін жүзеге асырады. Конкурстық және аукциондық құжаттамалардың жобаларын, конкурстық және аукциондық құжаттамаларды бекіту туралы бұйрықтардың жобаларын, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу, бір көзден сатып алу туралы конкурстық және аукциондық құжаттардың жобаларын дайындау. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетулерді электрондық мемлекеттік сатып алу арқылы жүргізеді. Конкурстық және аукциондық комиссияның хатшысы болып табылады. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша аукциондық және конкурстық комиссияларының құрамына қатысады. Өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша келісімшарт жобасын жасайды, оны уәкілетті адамға қол қойдыруға және белгіленген мерзімде әлеуетті өнім берушіге жолдау жұмыстарын жүргізеді. Шарттарының орындалуын бақылау және сотқа дейін наразылық-талап жұмысының, уақтылы ақпаратты орналастыру және веб-порталда шарттардың жасалуы және орындалуы туралы, жосықсыз өнім берушілерді тізілімге енгізу жұмысын жүргізеді. Өнім берушілермен жұмыс жүргізеді, олармен хат алмасады, сондай-ақ әлеуетті өнім берушілердің, заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша хат алмасады. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңдардың, бұйрықтардың, нұсқаулықтардың, әдістемелік нұсқаулардың жобаларын әзірлеуге қатысады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 28.03.2024
- Астана қаласы, Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы 1
-
8 (7172) 72-26-35, 72-20-72, 71-52-29