Тыл департаменті Мемлекеттік сатып алу және мониторинг басқармасы мемлекеттік сатып алу тобының сарапшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-5

Орташа лауазымдық айлықақы

208 062

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Мемлекеттік сатып алудың жылдық (алдын ала) жоспарын әзірлейді және жасайды, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді. Бекітілген немесе нақтыланған мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына сәйкес республикалық бюджет қаражаты есебінен тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу рәсімін жүзеге асырады. Конкурстық және аукциондық құжаттамалардың жобаларын, конкурстық және аукциондық құжаттамаларды бекіту туралы бұйрықтардың жобаларын, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу, бір көзден сатып алу туралы конкурстық және аукциондық құжаттардың жобаларын дайындау. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетулерді электрондық мемлекеттік сатып алу арқылы жүргізеді. Конкурстық және аукциондық комиссияның хатшысы болып табылады. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша аукциондық және конкурстық комиссияларының құрамына қатысады. Өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша келісімшарт жобасын жасайды,  оны уәкілетті адамға қол қойдыруға және белгіленген мерзімде әлеуетті өнім берушіге жолдау жұмыстарын жүргізеді. Шарттарының орындалуын бақылау және сотқа дейін наразылық-талап жұмысының, уақтылы ақпаратты орналастыру және веб-порталда шарттардың жасалуы және орындалуы туралы, жосықсыз өнім берушілерді тізілімге енгізу жұмысын жүргізеді. Өнім берушілермен жұмыс жүргізеді, олармен хат алмасады, сондай-ақ әлеуетті өнім берушілердің, заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша хат алмасады. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңдардың, бұйрықтардың, нұсқаулықтардың, әдістемелік нұсқаулардың жобаларын әзірлеуге қатысады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 30.11.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

01.12.2022 – 09.12.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

15.12.2022

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы 1

Анықтама алу үшін байланыс

71-52-29