ЕЛІМІЗДЕ «ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

ІІМ «Тәуелсіздік күнін» мерекелеу қарсаңында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Бұл операция көшелер мен қоғамдық орындарда құқық тәртібін сақтауға, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Іс-шараға 18 мыңнан астам полиция қызметкері қатысуда.

Алғашқы екі күнде 945 қылмыс тіркеліп, кезекшілік тәулікте 533 қылмыстық әрекет ашылды.

Сонымен қатар бұрын жасалған 168 қылмыс, оның ішінде 3 кісі өлтіру, 3 қарақшылық шабуыл және 13 тонау фактісі ашылды. Іздеуде жүрген 48 қылмыскер ұсталды, осының ішінде 10 адамға өткен жылдары іздеу жарияланған болатын.

Полиция сондай-ақ, тыйым салынған заттарды заңсыз сақтағаны және өзімен бірге алып жүргені үшін 77 адамды ұстады, соның ішінде 37 адам есірткі заттарын сақтағаны үшін жауапталса, (олардан 3,8 келі есірткі заттары алынды), 25 адам атыс және суық қаруларды алып жүруіне байланысты ұсталды.

14,3 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның 1109 ұсақ бұзақылық, 2118-і спирттік ішімдік ішу және қоғамдық орындарда мас күйінде жүру, автокөлікті ішімдік ішіп және мас күйінде басқарудың 182-і фактісі, жылдамдықты асырудың 1427 фактісі тіркелді. Жолдың қарсы бетіне шығып кету фактісі бойынша 25 оқиға есепке алынса, елімізге келу тәртібін бұзған 648 жағдай анықталды.

229 адам қабылдап-тарату бөліміне жіберілді, оның ішінде 124 шетел азаматы бар, уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына 668 адам жеткізілді.

Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі