Брифинг: «102 мобильдік қосымшаның функционалы»

Брифинг: «102 мобильдік қосымшаның функционалы»

3 ақпан сағ. 11:00-де Ішкі істер министрлігінде (Тәуелсіздік 1) Министрдің орынбасары Сәрсенов Сәкен Сейітжаппарұлының қатысуымен «102 мобильдік қосымшаның функционалы» тақырыбында брифинг өтеді.

Брифингте мобильдік қосымша арқылы азаматтардан хабарламалар қабылдау және беру алгоритмі және оларға полиция қызметтерінің ден қоюы көрсетіледі. Ведомство басшылығының қатысуымен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ІІМ-нің цифрлық жобалары БАҚ-қа таныстырылады.

Анықтама: «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында 1 ақпаннан бастап «102»мобильді қосымшасын іске қосылы. Оның көмегімен құқық бұзушылық туралы хабарлама жібереді, ішкі істер органдарына өтініш беруге болады, операторға аудио және бейне қоңырау арқылы хабарласа алады, ІІМ Өзіндік қауіпсіздік қызметіне жүгінуіне мүмкіндігі бар, виртуалды ассистенттер арқылы өз бетінше сұрақтарға жауап табады. Онлайн-сервис полицияны халыққа жақын әрі қолжетімді етуге арналған. Бұл халықтың қорғалу деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

БАҚ өкілдерін аккредитациялау: 71-52-24, 71-52-08, 72-22-85, 8 701 795 11 67, 8 778 280 94 94, телефондары және pr_mvd@mail.kz  эл. поштасы арқылы 2 ақпан, сағат 18.00-ге дейін жүргізіледі.

Оқиға күні

03 ақпан 2021

Оқиға түрі

Пресс-конференция