«Серт» детективтік шығармалардың республикалық байқауы


«Серт» детективтік шығармалардың республикалық байқауы (бұдан әрі – байқау) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу, сондай-ақ Ішкі істер органдарының ақпараттық-имидждік жұмысын іске асырудың 2020-2021 жылдарға арналған медиа-жоспарының шеңберінде өткізіледі.
Байқаудың мақсаттары мен міндеттері:
- ішкі істер органдары қызметкерлерінің (бұдан әрі – ІІО) мәдени, рухани денгейін арттыру, оларды Отанға жанқиярлықпен қызмет ету, антына және қызметтік борышына адалдық рухында тәрбиелеу;
- ІІО қызметкерлерін өнерге баулу;
- Қазақстан полициясының оң бейнесін қалыптастыру;
- ішкі істер органдары қызметін насихаттау;
- қиын және күрделі полицей мамандығын жан-жақты ашып көрсету болып табылады.
Байқаудың шарттары:
- Республикалық, жергілікті және ведомстволық БАҚ-та байқауды өткізу және оның шарттары туралы хабарландыру орналастырылады.
- Байқауға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, жазушылар, шығармашылық адамдары, ІІО қызметкерлері қатысады.
- Шығармаларды қабылдау Ұйымдастырушылық комитетте (бұдан әрі – Ұйымд.комитет) 2021 жылғы 1 сәуірден 1 мамырға дейін.
- Құжаттарды белгіленген мерзімнен кешіктіріп ұсынған қатысушылар байқауға қатысуға жіберілмейді.
- Комиссияға ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.
- Байқауға прозаның ірі жанрларының (романдар 80 беттен бастап және әңгімелер 50-60 бет) көрсетілген жанрлардың талаптарына сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде, бұдан бұрын еш жерде жарияланбаған детективтік шығармалар қабылданады. Байқауға қатысушылар міндетті түрде тегін, атын, әкесінің атын, жасын, мамандығын, мекенжайын және байланыс телефондарын көрсете отырып, қысқаша өмірбаянын ұсынуға тиіс. Шығармалар Word форматында «Байқауға» белгісімен Ұйымд.комитетінің мекенжайына: mvd_pr@mail.ru жіберіледі.
Шығармаларды бағалау барысында мынадай өлшемшарттар ескеріледі:
- Шығарма мазмұнының байқау тақырыбына, мақсаттарына, міндеттері мен талаптарына сай келуі;
- шығарманың толықтығы;
- көркем тіл өнері;
- кәсіби, жазу және мазмұндық шеберлік;
- шынайы оқиғаларға негізделген көркем сюжеттің күрделілігі;
- полиция қызметкерінің шынайы бейнесін жасау.
Қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Қазақстан полициясы күнін мерекелеу шеңберінде өтеді.
Қатысушылардың шығармалары он балдық жүйемен бағаланады. Қазылар алқасының шешімі байқаудың нәтижесі бойынша хаттамамен ресімделеді және талқылауға жатпайды.
Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
01 сәуір 2021
01 мамыр 2021
Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1, 11-қабат, 1101-кабинет, тел. 71-52-08, 72-22-85
Конкурс
Тегін