ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Щербаков Алексей Константинович

Алексей Константинович Щербаков

(1948-1990)

Алексей Константинович Щербаков 1948 жылы 15 қыркүйекте СҚО Петропавл қаласында дүниеге келді.

Оның милициядағы еңбек жолы СМҰКБ инспекторы лауазымынан басталды.  1974 жылы  1 қазанда Алексей Щербаков Вишневский аудандық партия комитетінің жіберуі бойынша ІІО қызметке келді.

1983 жылы милиция аға лейтенанты А.К. Щербаков жеке өтініші бойынша СҚО ІІБ қызметке ауыстырылды және Петропавл қ. Киров АІІБ учаскелік инспекторы лауазымына тағайындалды. Осы лауазымда Алексей Константиновичтің шеберлігі, ептілігі мен дарыны ашылды. Екі жылдан кейін «Үздік учаскелік инспектор», 1987 жылы «Мамандығы бойынша үздік» атағын иеленді. 

1990 жылғы 2 тамызда сағат 22-де        Добролюбовский тірек пунктіне Жұмысшы кентінде дене жарақаттарын келтіргені үшін бұрын сотталған азамат Шкодин әйелін, көршілерін соққыға жығып, ұстарамен бірнеше рет жарақат салды деген отбасылық жанжал туралы хабарлама келіп түсті. Үйге кірісімен аға учаскелік инспектор жағдайдың бейбіт жолмен шешілетініне сеніп, мас бұзақыны тынышталуға шақырды. Дәл осы кезде ызыланған төбелесқор жеңінен қауіпті ұстараны алып, милиционерге қарай ұмтылды және оның мойнын тіліп жіберді. Щербаков қолымен қорғанып, артқа қарай шегінді. Шкодин сол жақ қолына жарақат салды. Жарадан қан сау ете түсті – көк тамыр тілініп кеткен болатын. Мас бұзақы Щербаковтың қолына, мойнына, бетіне 7 кесілген жарақат салды. Ауруханаға милиционер ауыр күйде жеткізілді, ол көп қан жоғалтты. Өмір үшін күрес басталды: көк тамырды, жараларды тікті. Алайда жүрегінде бір жазылмайтын жара болғандықтан, жүрегі мәңгілікке тоқтады. Дәрігерлер оның өмірін құтқара алмады.

СҚО ПД мұражайында аға учаскелік инспектор милиция майоры  А.К. Щербаковтың жеке заттары – жұмыс дәптері, планшеткасы, құжаттары, нысанды киімі және қылмыс қаруы – ұстара сақталған. Мұражайда Алексейдің туған-туыстарына қымбат тағы да бір жәдігер сақтаулы -  «Жеке ерлігі үшін» ордені. Петропавл қ. ПБ ғимаратының қасында үш қаза тапқан қызметкерге, оның ішінде А. Щербаковқа да арналған мемориалдық ескерткіш орнатылды.

Дата публикации
13 марта 2020
Дата обновления
13 марта 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
28 апреля 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2024 жылғы 2 қыркүйек
Пайдалы ақпарат
28 апреля 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2025 жылғы 8 қыркүйек
22 июля 2025
Өмірлік жағдайлар

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы