
Тікебаев Бағыбек Қаныбекұлы
(1965-1994 )
Тікебаев Бағыбек Қаныбекұлы 1965 жылы Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Катонқарағай а. жұмысшылар отбасында дүниеге келген.
1988 жылы ішкі істер органына Катонқарағай АІІБ МАИ жол-патрульдік қызметінің инспекторы лауазымына қабылданған. 1992 жылы жеке өтініші бойынша Өскемен қ. Үлбі ішкі істер бөлімі жанындағы күзет бөлімі ротасының милиционері лауазымына ауыстырылған. 1993 жылы сол жерде жүргізуші-милиционер лауазымына тағайындалған.
Қысқа мерзімді қызметінде өзін жақсы жағынан, жауапты қызметкер ретінде көрсетті.1994 жылдың 7 қыркүйегінде Б.Қ.Тікебаев саптық бөлімшенің милиционері М.Т.Баженовпен бірге айдауыл құрамында жүріп, сотталғандар тарапынан шабуылға тап болған, алған ауыр жарақаттан қайтыс болды.
Б.Қ.Тікебаевтың есімі Шығыс Қазақстан облысы ІІД аумағында орналасқан ІІО қайтыс болған қызметкерлерін еске алу мемориалында мәңгіге сақталды.