Логотип МВД РК

Меню

Страницы

Статья

Алғыс

Құрметті министр!

Екібастұз қалалық "Отарқа" газетіне таяу арада полиция қызметкерлеріне алғыс жолдау мазмұнындағы хат келді. Біз 9 желтоқсан күні оны газетімізде жарияладық. Хат авторы өз ризашылығын сізге жеткізуді сұраған еді: "24 қараша күні Екібастұз қаласында қоғамдық көлік ішінде келеңсіз жағдайға тап болдым: мектепке бара жатқанымда қалтамнан ұялы телефоным ұрланды. Бағасы қымбат еді. Бірден жанымда тұрған адамдардан күдіктеніп, олардың рұқсатымен қалталарын тексердім. Автобустан шыға сала полиция бөлімшесіне хабарлассам, арыз жазуым керек екен. Полиция ғимаратына кіргеннен бастап құқық қорғаушылар қолдау көрсетті. Бірден менен сауалнама алып, беймәлім күдіктінің түр-әлпетін фотороботқа түсірді. Осыдан соң криминалдық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Әсет Қайыржанов телефонымды іздеуге кірісіп кетті. Құқық сақшысының жедел әрекеті мен жауапкершілігі арқасында телефоным бір тәулікке жетпей табылды. Ата-анамның адал ақшасына келген бұйымның табылғаны мен үшін зор қуаныш болды. Полиция қызметкерлерінің тұрғындардың тыныш өмірі үшін күні-түні дамыл таппай адал еңбек етіп жүргеніне көзім жетті. Еліміздің бейбіт өмірін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп жүрген Екібастұз қаласы криминалдық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Әсет Қайыржановқа, криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция капитаны Ерлан Әшімхановқа және телефонымды тауып беруге атсалысқан басқа да полиция қызметкерлеріне шексіз ризашылығымды білдіремін. Бүгінгі таңда мен және менің құрбыларым журналист болуды армандап, Екібастұз қалалық «Отарқа» газетінде талабымызды шыңдап жүрміз. Болашақта журналист болсам, полиция саласындағы талай майталманның еңбегі туралы жазармын деп ойлаймын, бұл жазбам – бастамасы. Ал «Журналистика және репортер ісі» мамандығына құмартып жүрген құрбыларымның кейін ішкі істер органдарының баспасөз қызметін басқаруы да ғажап емес! Аружан Құмарәлі, «Зерде» мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектебінің 11-сынып оқушысы". Оқушының алғысын жеткізуші: Екібастұз қалалық "Отарқа" газетінің редакторы Жанаргүл Қадырова.

Дата публикации
13 декабря 2021
Дата обновления
13 декабря 2021
Тип
Обзор обращений

Сейчас читают

Полезная информация
28 апреля 2026
Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана. 2 сентября 2024 года
Полезная информация
28 апреля 2026
Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана. 8 сентября 2025 года
22 июля 2025
Жизненные ситуации

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы