
Жақында Ұлттық ұланың ұйымдастыруымен "Біз - Жеңістің мұрагеріміз" тағзым эстафетасы ауылымызға келіп, бірқатар игі шаралар өткізіп кетті. Тағзым эстафетасы сұрапыл соғыс жылдарында батырларымыздың жанқиярлық ерлігі, өжеттігі мен өрлігі, алғырлығы мен көрегендігін бүгінгі ұрпаққа жеткізу арқылы оларды ұлтжандылыққа, патриоттыққа баулитын бірден-бір тәрбиелік мәні зор шара болды. Осындай мағыналы шара ұйымдастырған ҚР Ішкі істер министрлігі мен ҚР Ұлттық ұланына алғысымды білдіремін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
РУСЛАН САЙЛАУБАЕВ,
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ,
ЖУАЛЫ АУДАНЫ