
Құрметті Ерлан Заманбекұлы!
Мен Сансызбаев Ербол Абдуалиевич, Түркістан облысы Мақтаарал ауданы, Жолдыбай Нұрлыбаев ауылдық округінің Өркен елді мекенінің тұрғынымын. Өтініш беру себебім, ауылымызда үш жылдан бері мал ұрлығы басылды. Бұрын Бахтияр деген участковый полициямыздың кезінде көптеген ауылымыздың жастарымыздың арасынан тәртіпсіздік орын алып - көптеген жылқыларымыз ұрланып кеткен болатын, ал учаскелік полициямыз Бахтияр пенсияға кетіп (отставкаға) орнына Мусиров Мурат келгелі ауылымызда мал ұрлығы тоқтады, ауыл көшелерімізде түнделетіп жастарымыз шұбырып шулап жүрмейтін болды, құқық бұзушылық, тәртіпсіздік, ұрлық дегеніміз басылып қалды. Жақсының жақсылығын айт дейдіғой аталарымыз. Мына ауыл тұрғындарымыздан учаскелік полициямыз Мусиров Муратқа көп көп алғыстарын айтып жатыр, ауыл тұрғындарының (ауыл мәселелерің) жиналыстарына белсенді қатысып халықтың ішкі істер саласында тәртіпсіздіктің, құқық бұзушылықтың, ұрлықтың алдын алу жөнінен ұсыныс – пікірлерін назарға алып өз қызметін тиянақты атқарып жатқанын көрсетті. Мысалыға Ынталы ауылымызда күз айында Шағдаров Абдирасил Тулегеновичтің ұрланған қойын дер кезінде ұрыларды тауып заң алдында жауапқа тартып залал өнімді қалпына келтірген. Мақтаарал ауданының ішкі істер басқармасының полиция қызметкері Мусиров Мурат деген азамат келгелі ауылымыз тынышталып түнде тыныш ұйқтайтын болық, яғни тәртіпсіздік, бұзақылық, жастарымыз түнделетіп шулап жиналып тұрмайтын болды әсіресе ұрлықы – мал ұрлығы тоқтады. Құрметті Ерлан Заманбекұлы! Сізден сұрайтыным осы азаматтың өз қызметіне адал, қоғамдық қатынастарда құқық бұзушылықтың алдын алудың жолын таба білетін кәсіби деңгейімен біліктілігіне өз қызметінің іскер маманы Мақтаарал ауданының полиция басқармасының полиция қызметкері Мусиров Муратқа ауыл тұрғындарының атынан менің өтінішіммен адал қызметіне марапатқа ұсынуға ықпал етсеңіз.
Сансызбаев Ербол