
Жеңістің 75 жылдығына орай «Біз – Жеңістің мұрагеріміз!» атты эстафетаның Б. Момышұлының туған жерінде батыр атамыздың атымен аталған мектепте жалғасын тапқанына қуаныштымыз. Бүгінгі ерлік сағаты жоғары деңгейде өтті. Шараны Б. Момышұлының кіндік қаны тамған жерінде өткізуге мұрындық болған Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық ұланға үлкен алғысымызды білдіреміз.
Б.Момышұлы атындағы орта мектеп,
Жамбыл облысы,
Жуалы ауданы