Логотип МВД РК

Меню

Страницы

Статья

ҚР Ішкі істер Министрі Ерлан Заманбекұлына алғыс білдіру хаты

Құрметті Ерлан Заманбекұлы!

Мен Жонқабаев Қайырлы Уатайұлы Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданының тумасымын. Адамзат тарихындағы ең жойқын әрі ауыр қасірет әкелген соғыс – Ұлы Отан соғысының бар ауыртпалығын басымнан кешірдім.

1941 жылдың қазан айында, 20 жасымда майданға аттанып, соғыс аяқталған соң 1946 жылы елге оралдым. Әйгілі 8-ші гвардиялық Панфилов атындағы мотоатқыштар дивизиясында алғашқыда мерген, одан кейін пулеметші және барлаушы болып қызмет атқардым. Калининград майданында, Москва түбіндегі шайқасқа, Ржев шайқасына қатысып, алапат соғыстың бар тауқыметін көрдім. Өліммен талай бетпе-бет кездескенімде бір ғана мақсатым болды – ол қайтсе де елге Жеңіспен оралу еді. Ең қиыны – қасымдағы қаруластарымнан айырылу болды. Талай боздақ қолымда қаза болды. Енді адам баласына мұндай қасіретті көрсетпесін!

Соғыста көрсеткен ерлігім үшін «Қызыл жұлдыз» ордені мен «II дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Ерлігі үшін», «Москваны қорғағаны үшін»,«1941-1945 ж.ж Германиямен болған Ұлы Отан соғысындағы жеңісі үшін» т.б. медальдармен марапатталдым.

Қырық жыл қырғын болса да ажалды өледі, деп айтқандай, соғыстан аман-есен келу менің пешенеме бұйырған екен. Одан кейін елімізді қайта құруға белсене араластым. Осы еңбегім үшін 15-тен аса медальмен және белгілермен марапатталдым. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың, тағы басқа ел ағаларының атынан алған құттықтау қағаздарым бар.

Соғыстан кейін үйлі-баранды болып, 5 бала тәрбиеледім, бүгінгі таңда ұрпағымнан он немере, он үш шөбере сүйіп отырмын. Алланың бергеніне разымын.

Міне, бүгінгі таңда 99 жасқа шықтым. Ғасырлық жасыма таяу қалдым.

Менің Сізге деген алғысым шексіз. Жуырда Алматы қаласында Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай ұйымдастырылған «Біз-жеңістің мұрагеріміз» атты Тағзым эстафетасы басталды. Оған балам, өзің бастамашы болған екенсің.

Эстафетаның атрибуты ретінде Кеңес Одағының Батыры генерал-майор И.В.Панфиловтың атындағы әйгілі 8-ші гвардиялық дивизияның Жауынгерлік туының көшірмесі алыныпты. Соғыста осы дивизияның қатарында майданда болған соң, бұл мен үшін ерекше қуаныш болып табылады.

Одан соң Алматыда тұрып жатқан үйімнің жанына Ұлттық ұлан сарбаздары сол Жауынгерлік Туды алып келіп, оркестр ойнап, сап түзеп менің алдымнан өтті, маған ерекше ілтипат, құрмет көрсетті. Ішкі істер Министрінің атынан сый-сияпат көрсетті. Осындай, маған көрсеткен құрметтеріңізге қарт майдангердің атынан үлкен алғысымды білдіріп, ақ батамды беремін.

Осылай, Жеңіс сарбаздарына көрсетіп жатқан құрметіңіз, соғыстан қайтпаған, майдан даласында және кейін қаза болған боздақтардың рухына тағзым ету деп түсінемін. Олардың аруақтары разы болғай!

Еліміз үшін атқарып жатқан оң істеріңіз табысты болсын.

 

Құрметпен, қарт майдангер Қайырлы Жонқабаев, Алматы қаласы 

Дата публикации
10 февраля 2020
Дата обновления
10 февраля 2020
Тип
Обзор обращений

Сейчас читают

Полезная информация
28 апреля 2026
Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана. 2 сентября 2024 года
Полезная информация
28 апреля 2026
Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана. 8 сентября 2025 года
22 июля 2025
Жизненные ситуации

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы