
Құрметті Ерлан Заманбекұлы!
ҚР Ішкі істер министрлігінен біздің отбасыға көрсетіліп отырған ықылас үшін алғыс білдіруге рұқсат етіңіз!
Өзім Жұманғали Өмірсерік, Көкшетау қаласы полиция басқармасында әр түрлі қызметті орындаушы ретінде қызмет етемін. Жұбайым Ботагөз екеуіміз 4 баланы өсіріп, тәрбиелеп отырмыз. Қазір бір өзім ғана еңбек етудемін.
Ағымдағы жылдың 14 мамырында Ақмола облысы полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Берік Сұлтанғазыұлы Біләлов үйіме келіп, тосын сый жасады, азық-түлік пен балаларға ойыншықтар сыйлады. Хал-жағдайымызды сұрап, болашақта да қол ұшын созып, көмек көрсетілетініне уәде етті. Мұндай жылы сөздер біздің еңсемізді бір көтеріп, қызметті одан әрі адал атқаруға күш берді.
Сіздің, полиция халыққа жақын, әрі полиция қызметі әрқашан ашық болуы тиіс деген тапсырмаңыз орындалып, игі істер жасалуда. Соңғы кездері мемлекеттік органдардың көп балалы отбасыларға айтарлықтай көмек көрсетіп жатқандығы туралы естіп жатамын. Қарапайым адамдарға көп көңіл бөліне бермейтіні анық қой, алайда, жоғары лауазымды адамдардың осындай көңіл-ілтипаты бізді бір қуантып тастады.
Сіздер ел ішінде тәртіпті сақтап, қылмыспен күресудің бастауында тұрсыздар. Бұл өте маңызды да қауіпті қызмет.
Сізге қызметте әрдайым биік белестерден көрініп, иығыңыздағы жұлдыздар саны өсе берсін дегім келеді, отбасыңызға береке, ісіңіз алға баса берсін деймін!
Жұманғали Өмірсерік