
XI бөлім. ӨМІРБАЯН. 1-сабақ.
1.Сәйкестендіріңіз. Сопоставьте. Практические задания (XI ЧАСТЬ. 1-урок. БИОГРАФИЯ)
2. Етістіктерді өткен шақта жазыңыз. Напишите глаголы в прошедшем времени.
3. Есте сақтаңыз! Запомните!
ӨМІРБАЯН ҚҰРЫЛЫМЫ
Туған жылы, күні, айы туралы ақпарат
Туған жері туралы ақпарат
Білімі туралы ақпарат: орта, жоғары
Жұмысы туралы ақпарат
Отбасы туралы ақпарат
Қосымша ақпарат
ОҚЫЛЫМ
4. Оқыңыз. Прочитайте.
Өмірбаян
Мен, Қарабаев Ержан Қаленұлы,1979 жылы 4 қарашада Алматы облысы Қара ауданының Сүмбе ауылында тудым. Әкем - Қарабаев Қален, зейнеткер, анам - Жүнісова Бақыт мектепте мұғалім болып жұмыс істейді.
1986 жылы Сүмбе орта мектебіне 1- сыныпқа қабылдандым. 1997 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Абай атындағы мемлекеттік университеттің филология факультетіне оқуға түстім. 2001 жылы университетті аяқтаған соң Алматы қаласындағы
№2 орта мектепке мұғалім болып жұмысқа орналастым. 2005 жылдан бірлестік жетекшісі болып қызмет істедім. 2007 жылы кандитаттық диссертациямды қорғадым.
Үйленгенмін. Жұбайым - Нұрымова Лаура Азаматқызы. 1981 жылы туған, «Сапар» жекеменшік компаниясында бас маман болып жұмыс істейді. Екі балам бар: ұлым Қарабаев Азамат Ержанұлы 7-сыныпта, қызым - Қарабаева Жанар Ержанқызы 5-сыныпта оқиды.
Мекенжайым: Астана қаласы, Иманов көшесі, 67-үй, 12-пәтер.
5. Сұрақтарға жауап беріңіз. Ответьте на вопросы.
6. Өмірбаян мазмұны бойынша ретін көрсетіңіз. Отметьте по порядку текста автобиографии.
7. Оқыңыз. Прочитайте.
Мен, Беріков Самат Қуандықұлы 1986 жылы 10 тамызда Алматы облысы Іле ауданы Қосшы ауылында тудым. Ұлтым - қазақ.
1992 жылы Қосшы орта мектебіне 1-сыныпқа қабылдандым. 2003 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Қаныш Сәтбаев атындағы Ұлттық техникалық университетінің мұнай-газ факультетіне оқуға түстім. 2008 жылы университетті аяқтаған соң Атырау қаласындағы «АтырауМұнай» компаниясына инженер болып жұмысқа орналастым. 2010 жылы сол компанияда бас инженер болдым, 2013 жылы инженерлер бөлімін басқардым.
Үйленгенмін. Жұбайым-Қайырбекова Айгүл Қуанышқызы. 1982 жылы туған, №3 орта мектепте информатика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. Екі балам бар: үлкен ұлым Беріков Қанат Саматұлы 5-сыныпта, кіші ұлым Беріков Санжар Саматұлы 2- сыныпта оқиды. Екі ұлым да оқу озаты.
Өзім туралы қосымша мәліметтер:
2011 жылы Атырау қаласы әкімдігінің алғыс хатымен марапатталдым. 2013 жылы Халықаралық мұнай-газ компаниясының грантын жеңіп алдым. Грант бойынша шетелде екі жыл зерттеу жұмыстарымен айналыстым. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгергенмін. Әуес ісім - кітап оқу, велоспортпен айналысамын. Әскери міндеттімін. Запастағы лейтенантпын.
Мекенжайым: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 78-үй, 2-пәтер. Үй телефоным: 2-56-87- 98, ұялы телефон нөмірім - 87773253907.
8. Ақпаратты анықтаңыз. Определите информацию.
9. Тиісті жалғауды жалғаңыз. Добавьте нужные окончания.
10. Тиісті сөзді жазыңыз. Дополните пропуски.
11. Тиісті формада жазыңыз. Напишите в нужной форме.
12. Өткен шақты еске түсіріңіз. Тиісті сөзді қойыңыз. Напишите нужное слово.
Мен, сіз, ол, сен, олар, сендер, біз, сіздер
13. Тыңдаңыз. Тиісті сөзді жазыңыз. Прослушайте. Впишите нужные слова. № 42 аудиомәтін
Өмірбаян
Мен, Понарин Александар Иванович, ................... жылы 4 наурызда Алматы қаласы Медеу ауданында ................. келдім. Ұлтым – ................. . Қазақстан Республикасының ............................ . Әкем Понарин Иван Алматы ......................... салық комитетінде бас маман болып жұмыс істейді. Анам Анна Викторовна жекеменшік фирмада есепші болып жұмыс істейді.
1990 жылы Алматы қаласындағы №3 орыс орта мектебіне бірінші сыныпқа ........................... . 1999 жылы ата-анам Астана қаласына жұмыс бабымен ауысты. Сол себепті 2001 жылы Астана қаласындағы №5 лицейді ................................. .
2001 жылы Астана қаласындағы Еуразия Ұлттық университетінің экономика факультетіне оқуға .......................... . Университетті 2006 жылы бітірдім. Сол жылы аталған университеттің магистратурасына ............................ . Магистратураны 2008 жылы ....................... . Мамандығым – экономист-есепші.
Отбасылық жағдайым: ............................... . Әскери қызметке міндеттімін. Запастағы лейтенантпын.
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік .............................. . Қазақ және ағылшын тілінен жоғары дейгейді растайтын .................................... бар. Әуес ісім – спортпен айналысу. Каратэден қара белдік иегерімін.
Мекенжайым: Астана қаласы, Республика даңғылы, 62-үй, 20-пәтер. Байланыс телефондарым: 87026859878. Үй телефоным: 2-96-65-98
Ответы к практическим заданиям (XI ЧАСТЬ. 1-урок. БИОГРАФИЯ)