Логотип МВД РК

Меню

Страницы

Статья

Практические задания (VII ЧАСТЬ. 2-урок. КВАРТИРА)

VII бөлім. ПӘТЕР. 2-сабақ.

1. Әр жолдан бір артық сөзді алып тастаңыз. Вычеркните одно лишнее слово из каждого ряда. Практические задания (VII ЧАСТЬ. 2-урок. КВАРТИРА)

  1. Туысқан, нағашы, кенже, құн, бөле.
  2. Ыдыс жуғыш мәшине, кір жуғыш мәшине, орындық, микротолқынды пеш, шаңсорғыш.
  3. Төсек-орын, ақжайма, көрпе, жастық, аспалы шам.
  4. Әуесқойлық, автобекет, автотұрақ, әуежай, теміржол бекеті.
  5. Шай қасық, көзілдірік, шанышқы, пышақ, кесе.
  6. Қаңтар, маусым, шілде, жүйе, желтоқсан.
  7. Сатып алу, жалға алу, жалға беру, күн бату, сату.
  8. Жалақы, қызметкер, меңгеруші, міндет, қазан.

2. Кестені толтырыңыз. Заполните таблицу.

3. Оқыңыз. Прочитайте.

  • Мен жалға пәтер іздеп жүр едім.
  • Біріншіден, қай ауданда тұрғыңыз келеді?
  • Қала шетіндегі ықшамауданда.
  • Неше бөлмелі пәтер керек?
  • Төрт бөлмелі.
  • Мына фотосуретке қараңыз.
  • Асүйдің көлемі қандай?
  • 14 шаршы метр.
  • Қасық, пышақ, қазан, табақтар бар ма?
  • Ыдыс- аяқ толық бар.
  • Жақсы екен. Жатын бөлмеде төсек-орын бар ма?
  • Әрине, ақжайма, көрпе, жастық, бәрі беріледі.
  • Асүйге қандай тұрмыстық техника қойылған?
  • Ыдыс жуғыш мәшине, кір жуғыш мәшине бар. Ал тоңазытқыштың қасында микротолқынды пеш бар.
  • Шаңсорғыш бар ма?
  • Иә, бар.
  • Енді мына пәтердің суретіне қараңыз. Асүй - 18 шаршы метр. Бұл пәтер ыдыс- аяқпен, төсекпен қамтамасыз етілмеген, бірақ «ақылды үй» жүйесі жұмыс істейді.
  • Кір жуғыш мәшине де жоқ па?
  • Барлық тұрмыстық техника бар. Бұл пәтерге қоса, жертөледе автотұрақ орны бар.
  • Оған бөлек төлеу керек пе?
  • Жоқ, бөлек төлеудің керегі жоқ.
  • Қонақ бөлмеде жиһаз жоқ қой.
  • Уайымдамаңыз. Сіз пәтерге кіргенше, жаңа жиһаз қойылады. Күн батқанша пәтерді көріп алайық.
  • Жарайды, жүріңіз.

4. Ұсынылған пәтерлерді салыстырыңыз. Ұқсастығы мен айырмашылығын тиісті орындарына жазыңыз. Сравните две разные квартиры. Напишите в соответствующие части их сходства и различия.

5. Тиісті қосымшаны жалғаңыз (-ғанша/-генше, -қанша/-кенше). Присоедините нужные суффиксы.

Күн ашылғанша

Сен сөйле..................

Сіз бер................

Ол ұйымдастыр................

Біз мәселені шеш................

Сендер шаштарыңды қысқарт....................

Сіздер жауап бер.....................

Олар жоспарла...........................     

6. Тиісті сөздерді қойып, сөйлемді толықтырыңыз. Дополните предложения, вставив нужные слова.

Қажетті сөздер: ұйықтағанша,  жүргенше, салынғанша, бұрылғанша, басталғанша.

Жаңа сауда орталығы ......................... , ескі базар жұмысын тоқтатпайды.

Қиылыстан .....................................  10 минут кетеді.

Бос  ..................................... , спортзалға бар.

Түске дейін ............................  сабағыңды оқымайсың ба?

Кино  ................................ ,   ыдыс жуып тастайын.

7. Жақша ішіндегі етістіктерге  -ғанша/-генше, -қанша/-кенше  қосымша сөйлемдегі тиісті орнына қойыңыз.  Поставьте глаголы в скобках в нужное место предложений, присоединив к ним аффикс –ғанша/-генше, -қанша/-кенше.

Үлгі: болу - болғанша

  1. Үйге  .........................   бір сағат өтеді. (жету)
  2. Үйде ........................  спортзалға барып кел. (отыру)
  3. Мұғалім ........................  билет сұрақтарын қайталайық. (келу)
  4. Жаңа ұялы телефон ..........................  менікін қолдана тұр. (сатып алу)
  5. Керек заттардың тізімін ..........................  оны жаттап алуға болады. (жазу)
  6. Дәрігер ............................  менің температурам 39 градусқа дейін көтерілді. (келу)

8. Тыңдалым.   Диалогтерді тыңдаңыз. Дұрыс жауапты белгілеңіз № 31 аудиомәтін Прослушайте диалоги и отметьте правильные ответы.

 

Ответы к практическим заданиям (VII ЧАСТЬ. 2-урок. КВАРТИРА)

 

Дата публикации
17 февраля 2021
Дата обновления
17 февраля 2021
Тип
Полезная информация

Сейчас читают

Полезная информация
28 апреля 2026
Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана. 2 сентября 2024 года
Полезная информация
28 апреля 2026
Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана. 8 сентября 2025 года
22 июля 2025
Жизненные ситуации

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы