Логотип МВД РК

Меню

Страницы

Статья

Практические задания (I ЧАСТЬ. 2-урок. МОЯ СЕМЬЯ БОЛЬШАЯ)

I бөлім. Отбасы. 2-сабақ

1. Өткен грамматиканы еске түсіріңіз. Тиісті есімдікті қойыңыз. Вспомните изученную грамматику. Вставьте нужное местоимение. Практические задания (I ЧАСТЬ. 2-урок. МОЯ СЕМЬЯ БОЛЬШАЯ)

МЕН СІЗ СЕН СІЗ ОЛ
  1. Мен – дәрігермін.  
  2. .......... Қайырбексің бе?
  3. ...........отау иесісіз.
  4. .......... үйленбегенсіз бе?
  5. .......... қазақ.
  6. .......... жиырма алты жастамын.
  7. .......... Хромтаудансыз ба?
  8. Мына суретте ........ қайдасың?
  9. .......... Алматыдансың.
  10. .......... Саша Кузнецовсыз ба?
  11. Мына суретте ........... тұрмын.
  12. .......... аспазбын.
  13. .......... үйленгенмін. Отбасым бар.
  14. .......... отыздасың ба?

2. Жіктік жалғауды қолданып, сөйлемдерді көшіріңіз. Перепишите предложения, используя окончания личной формы.

Менің есімім - Арман (1), тегім - Омаров (2). Жасым отыз сегізде (3). Ұлтым - қазақ (4). Мамандығым - заңгер (5). Отбасым бар (6). Мен Ақсуда тұрамын (7).

  1. Мен Арманмын. 
  2. Мен ............................................... .
  3. Мен ..................................... .
  4. Мен ................................. .
  5. Мен ....................................... .
  6. Мен ............................... .
  7. Мен  ................................................... .

3. Жіктік жалғаудың көпше түріндегі 10 сөз/сөз тіркесін табыңыз. Из приведенного списка найдите 10 слов/словосочетаний, употребленных в личной форме множественного числа.

олар құрбылар                        сіздердің бөлмеңіз

біз ағайындымыз                   бөлесінің бөлмесі 

жеңгесіңдер                             жиеншарлар

келіннің аты                             күйеу балаңыз                      

менің жеңгем                           күйеу баласымын

біздің келініміз                        көкесіміз                     

сендер жиенсіңдер                олар ағылшындар

сендердің жиендерің            нағашымыз

сендер кімсіңдер?                  сіздер дүнгенсіздер ме?

4. Қажетті сөздерді қойыңыз. Вставьте соответствующие слова.

Асқардың нағашы;          атасының;           оның;                сіздердің.

  1. Мен ________ құрбысымын.
  2. Сіздер ____________ жездесісіздер ме?
  3. Біз ________________ бөлелеріңізбіз.
  4. Олар ______________ жиендері.

5. Оқыңыз. Прочитайте.

1-мәтін.

Менің атым – Самат. Жетінші сыныпта оқимын. Ата-анам маған үнемі ескерту жасайды. Мысалы,  үйге ерте кел, сабағыңды оқы, компьютерде көп ойнама,  бас киім ки, жылы киін т.б. Мен кішкентай бала емеспін. Бәрін білемін, бірақ олар айта береді. Оларға қалай түсіндірсем екен?

2-мәтін.

Менің атым – Арман. Бесінші сыныпта оқимын. Менің ағам бар. Аты – Мақсат. Ол алтыншы сыныпта оқиды. Анам маған үнемі Мақсаттың киімін ки, Мақсаттың сөмкесін немесе кітаптарын ұста дейді. Ал менің ұстағым келмейді. Оны ата-анама қалай түсіндірсем екен? 

3-мәтін.

Менің есімім – Қайрат.  Жасым жиырма бесте. Қалада тұрамын, жеке фирмада жұмыс істеймін. Үйдің кіші баласымын. Үлкен ағаларым мен әпкелерімнің өз отбасылары бар. Ата-анам ауылда тұрады. Олар – зейнеткерлер. Олар маған үнемі үйлен дейді. Осы сөзден шаршадым. Алайда, маған үйлену әлі ерте. Себебі мен жұмыста жақсы жетістіктерге жеткім келеді. Қазір мен үшін карьера бірінші орында. Ата-анама айтсам, олар түсінбейді. Олар жұмыс пен отбасын бірге алып жүру оңай деп ойлайды. Меніңше қазіргі кезде бұл қиын секілді.

6. Жауап беріңіз. Ответьте.

  1. Самат нешінші сыныпта оқиды?
  2. Оған қандай ескертулер ұнамайды?
  3. Арманға анасы үнемі не айтады?
  4. Қайрат қайда тұрады және жұмыс істейді?
  5. Қайратқа ата-анасы үнемі не айтады?
  6. Қайрат үшін не маңызды?
  7. Қайрат отбасын құру туралы не ойлайды?

7. Иелік форманың тиісті жұрнағын қосып сөйлем құраңыз. Составьте предложения, добавив нужные суффиксы формы принадлежности.

8. Тәуелдік жалғаулы сөзді иелік формамен ауыстырыңыз. Замените слова в притяжательной форме на форму принадлежности.

1. Мынау - менің қағаздарым.  Мына қағаздар менікі

2. Бұл - Қуаттың үйі.                     _______________________

3. Бұл кімнің суреті?                     _______________________

4. Мынау сіздің фотосуретіңіз бе? ____________________

5. Бұл - сендердің сыныптарың.     ____________________

6. Менің пәтерім - мынау.                  ____________________

7. Мынау кімнің ноутбугі?                  ____________________

8. Бұл кімнің телефоны?                    ____________________

9. Жалғаулықты алмастырыңыз. Замените союзы.

                             

  1. Танысып қойыңыз, бұл - Гауһар және Айжан. Танысып қойыңыз, бұл  - Гауһар мен Айжан.
  2. Жетпіс екінші пәтерде Таңат және Әлия тұрады.
  3. Кеше жаңбыр және бұршақ жауды.
  4. Мен күзді және жазды ұнатамын.
  5. Тұсаукесерге және туған күнге көп адам келді.
  6. Мен тауға сенбіде және жексенбіде шығамын.
  7. Менің кішкентай жиенім би билеуді және ән айтуды жақсы көреді.
  8. Сіздің күйеу балаңыз және қызыңыз келді.
  9. Аңсар және Ғалия маған бөле болып келеді.
  10. Мен қазақ және ағылшын тілдерін жақсы білемін.

10. Сурет бойынша сөйлем құраңыз. Составьте предложения по рисункам.

11. ТЫҢДАЛЫМ 

1. Қысқа мәтіндерді тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз. №4 аудиомәтін. Прослушайте мини-текст. Ответьте на вопросы.              

  1. Олар бір-біріне кім болып келеді?
  2. Оның атасы мен әжесінің кімі бар?
  3. Олар бір-біріне бөле ме?
  4. Дәулеттің кімі бар?
  5. Назеркенің неше бөлесі бар?

2. Мәтінді тыңдаңыз. Осы адам туралы I жақта жазыңыз. Жіктік жалғауын жалғаңыз. Прослушайте текст. Напишите об этом человеке в I лице, используя личные окончания.

№5 аудиомәтін 


(аты-жөні)                  Мен Мұрат Қаражігітовпін

(мекенжайы, қаласы)   Мен .........................................

(жасы)                Мен ..........................................................

(мамандығы)    Мен  ..............................................................

(отбасы жағдайы)  Мен  .........................................................

 

Ответы к практическим заданиям (I ЧАСТЬ. 2-урок. МОЯ СЕМЬЯ БОЛЬШАЯ)

Дата публикации
01 февраля 2021
Дата обновления
01 февраля 2021
Тип
Полезная информация

Сейчас читают

Полезная информация
28 апреля 2026
Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана. 2 сентября 2024 года
Полезная информация
28 апреля 2026
Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана. 8 сентября 2025 года
22 июля 2025
Жизненные ситуации

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы