
Министр мырза және Қостанай облысы Полиция Департаменты басшысы генерал – майор Бекет Аймагамбетов!
Мен Жангелдин аудандық полиция қызметкерлеріне үлкен ризашылығым мен алғысымды білдіргім келеді. Мен Қызбел ауылының тұрғыны, Қажық Бейсен Ғиссаұлы, 2021 жылдың ақпан айында 19 бас жылқы малым жоғалғанын түсініп, Жангелді ауданы полиция бөліміне іздеуге көмек сұрап өтініш жаздым. Полиция қызметкерлерінің уақтылы және оперативті шаралары арқасында, ауа райының қиындығына қарамастан, 10 наурыз күні жылқылардың тұрған жері анықталып, жылқыларды өзіме қайтарды.
Іздеуге қатысқан полиция қызметкерлері: Жеке уәкіл: Айбек Ералин, Жеке уәкіл: Нурдаулет Куандыков, Анықтаушы: Н. Нұржан, Тергеуші: Бауржан Рахатов және участкелік инспектор Асылбек Оспан.
Үздік қызметтеріңіз үшін алғыс білдіремін!
Бейсен Ғиссаұлы