
Құрметті Ерлан Заманбеұлы! Үстіміздегі жылдың шілде айының 5-і күні Астана-Семей бағытындағы жолаушылар поездында белгісіз біреулер менің ұялы телефонымды ұрлап кеткендігі туралы Семей қаласындағы темір жол желілік полиция бөліміне арыздандым. Бүгінгі күні ұрланған телефонымды сол полиция бөлімінің қызметкерлері: қылмыстық іздестіру бөлімшесінің бастығы майор Шарипов Данияр мен тергеуші Маратов Нұрсұлтан жедел тауып, қайтарып, берді. Сол үшін Сізге және қарауыңыздағы осы екі азаматқа үлкен алғысымды білдіргім келеді. Осындай қызметкерлер полиция абыройын көтеріп, басқаларға үлгі болсын деген мақсатта жоғарыда аталған екі қызметкерлерінізді марапаттауыңызды сұраймын.