
Алғыс хат
Мен Теміралиева Кәмчат Амангелдиева 1980 ж.т., Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері, атап айтқанда ЖД-158/1 мекемесінің жедел бөлімінің бастығы әділет майоры Т.Д.Тоғызбаевқа және мекеме қызметкерлеріне үлкен алғыс айтқым келеді. Яғни, 14.11.2019 жылы ЖД-158/1 мекемесінде отырған күйеуім Н.Р. Дүйсенбаевқа сәлем-сауқат алып келген болатынмын, 10 сағат 15 минут шамасында мекеменің сәлем сауқат қабылдау бөлмесінде өзімнің 50 000 тұратын ұялы телефонымды ұрлатып алдым. Осы мекеменің жедел бөлімінің бастығы Т.Тоғызбаев дер уақытта әрекет етіп, маған 15 минут ішінде менің ұрланған ұялы телефонымды тауып берді. Менің 7 балам бар, "Алтын алқа" иегерімін, бұл телефон табылмаған жағдайда қайтадан телефон алатын жағдайым жоқ еді. Себебі жолдасым да қазіргі таңда тергеу изоляторында отыр.
Уақытылы және жедел ұйымдастырылып жүргізілген жұмыстың арқасында мен телефонымды қайта алдым, және ЖД-158/1 мекемесінің қызметкерлеріне шын жүректен үлкен алғысымды білдіремін! Өз ісіне жауапкершілікпен қараған, елдің сенімін ақтаған қызметкерлердің бай тәжірибесі – бүгінгі күннің жетістіктері. Әрқашан да халыққа көмек көрсетуге, қол ұшын беруге дайын ағаларымыз өскелең ұрпаққа, жас қызметкерлерге өнеге, үлгі болып келеді.
Темиралиева К.А.