
Қазақстан Республикасының Ішкі Іштер министрі Полиция Генерал-майоры Тургумбаев Ерлан Заманбековичке Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қарабау ауылының тұрғыны, мал шаруашылығымен айналысатын ұлым Шора Ғалымжан Қуанғалиұлы 3 сәуірде жоғалған малын іздеп ауылдан шығып кеткен. Алайда машинасы бұзылып қалып далалық аймақта жалғыз қалады. Ауа райы бұзылып күн қатты нөсер жаңбыр басталады. Мал жауыннан ықтап қаша бастайды. Малмен бірге ықтап елсіз жерде адасып кеткен. Ауылдың әкімі көмекке келіп трактор, машинамен күні-түні іздеп шыққанмен таба алмадық. Амалымыз таусылғасын, Атырау облыстық Ішкі істер органына хабарласып, елсізде жоғалған ұлымды табуға көмек сұрап арыз жаздық. Атырау облыстық Дүйсембаев Аян басқарған Ішкі істер департаменті, шұғыл шешім қабылдап, Төтенше жағдай полковнигі Өмірзақов Сағынбек тік ұшақ жіберіп елсізде жоғалған ұлымды үш күн, үш түн өткеннен кейін, аман-есен тауып берді. Ұлым аман табылғасын, қуанышымда шек жоқ. Төтенше жағдай кезінде, дер кезінде көмекке келген, Жеке Сізге, Сіз басқарып отырған Ішкі істер органына полковник А. Дүйсембаевқа, С. Өмірзақовқа шексіз алғыс айтамын. Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қарабау ауылы Көп балалы «Алтын Алқа» иесі, «Батыр АНА» Шуриева Сара