Логотип МВД РК

Меню

Страницы

Статья

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдық мерейтойына қатысты алғыс хат

Құрметті Ерлан Заманбекұлы!

Зайырлы мемлекет және жоғарғы руханият қағидасы шеңберінде елдің рухани санасын көтеру, байырғы ұлттық менталитетімізді, салт-дәстүрімізді, мәдениетімізді бүгінгі ұрпақтар қажеттілігіне айналдыру мақсаттарында басты бағдарламамен халыққа риясыз қызмет көрсетіп келе жатырған “ЕЛСАНА” рухани-патриоттық қауымдастығы атынан Сіздерге өскелең ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелеу бойынша өткізілген жұмыстарыңыз үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.

Елімізде COVID-19 қауіпті індетінің таралуына байланысты енгізілген төтенше жағдай режимі кезеңінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдық мерейтойын тойлау барысында Атырау қаласындағы біздің ардагерлеріміз Жеңіс күнімен жаңаша құттықтауларыңыз негізінде мейрамдық көңіл күйді сезінді, олар ҚР Ұлттық Ұланы әскери қызметшілерінің ардагерлерімізді тұрғылықты үйлерінің алдында 5546 әскери бөлімінің әскери оркестрімен орындаған әртүрлі соғыс жылдарындағы әндері мен композицияларын қуанышты көз жастарымен қабылдады.

Жоғары айтылғандардың барлығы Ұлттық Ұлан қолбасшылығы мен әскери қызметшілерінің атынан Жер бетіндегі бейбіт өмір мен болашақ ұрпақ үшін қиын кезеңдерде қан кешіп, ерлік жасаған біздің батыр ардагерлерімізге көрсеткен үлкен құрметі болып табылады.

Осындай құрмет елеусіз қалмайды деп үміттенеміз.

Сізге және сіздің қарамағыңыздағы подполковник М.М.Баймагулов басқарып отырған 5546 әскери бөлім жауынгерлеріне алғысымыз шексіз.

Құрметпен,“ЕЛСАНА” руханият патриоттық қауымдастығының президенті Н.Ә.ДӘУЛЕТОВ

Дата публикации
15 мая 2020
Дата обновления
15 мая 2020
Тип
Обзор обращений

Сейчас читают

Полезная информация
28 апреля 2026
Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана. 2 сентября 2024 года
Полезная информация
28 апреля 2026
Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана. 8 сентября 2025 года
22 июля 2025
Жизненные ситуации

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы