«Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 24-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Электр самокаттарды жалға беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің
электр самокатты есепке алуды жүргізу және оған тіркеу нөмірін беру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Электр самокатқа тіркеу нөмірлерінің нысаны мен үлгісі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында
орналастыруды;
3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне осы тармақтың
1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және
ресми жариялауға тиіс.
Министр
полиция генерал-лейтенанты
Е. Саденов