1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі аға басшы құрамның келесі бос лауазымына конкурс жариялайды (C-SV-8 санаты бойынша, лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты 324 395 тг. бастап):
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Құжат айналымы және өтініштерді бақылау департаменті Арнайы мемлекеттік мұрағатының (топтың құқығында) бас маманы – 1 бірлік.
Негізгі функционалдық міндеттері: Топтың қызметіне қатысты материалдарын талдау және жинақтау, оның жұмысын жоспарлау, жұмыс жоспарларының тармақтарын орындау туралы анықтамалар, сондай-ақ шолулар, әдістемелік нұсқаулар, ұсыныстар және басқа да құжаттар жасау. Министрліктің алқасына, ІІМ және ҚАӨБД басшылығы жанындағы кеңестерге топ қызметінің бағыты бойынша материалдардың жобаларын дайындауды ұйымдастыру. Мұрағаттың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және келісуге қатысу.
ІІМ-нің орталық аппарат қызметінің жұмысында қалыптасқан құжаттардың сақталуын, есепке алынуын, іріктелуін, ретке келтірілуін және пайдаланылуын қамтамасыз етуді бақылау және әдістемелік басшылық етуді жүзеге асыру. Ұлттық мұрағаттық қордың құжаттарын, жеке құрам бойынша істерді, сондай-ақ өндіріспен аяқталған құжаттарды және ұзақ уақыт (10 жылдан астам) сақталатын істерді жинақтау, сақтау, есепке алу және пайдалануды іске асыру. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша мұрағаттық анықтамаларды және/немесе мұрағаттық құжаттарды беру және апостиль қою мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттері сақталуын қамтамасыз ету. ІІМ-нің орталық аппарат қызметтерінің істері номенклатурасын келісуді жүргізеді, оларды құруға әдістемелік көмек көрсету. ІІМ-нің (оның құрылымдық бөліністерінде) іс жүргізуде істердің дұрыс қалыптастырылуын және рәсімделуінын тексеруді ұйымдастыру. Әдістемелік көмек көрсету мақсатында мұрағаттық істер мәселелері бойынша топ қызметкерлерінің баяндама жасауын жоспарлау. ІІМ-нің Орталық сараптамалық - тексеру комиссиясының жұмысына (ІІМ-нің ОСТК мүшесі болып табылады) сараптамалық тексеру комиссиясы қызметі жұмысында шақырылған эксперт ретінде қатысу. Өзіне бекітілген қорлар (№№ 5 және 6) бойынша құжаттарды қабылдау, сақтау, есепке алу, пайдалану бойынша толық көлемде жұмыстар жүргізу. Мұрағаттық іс-жүргізу талаптарын, ережелерді және нұсқаулықтардың сақталуын, сондай-ақ мұрағаттық қоймаларда еңбек, қауіпсіздік техникасын және өртке қарсы қорғау бойынша ережелер мен нормалардың сақталын бақылау. ІІМ-нің орталық аппараты қызметтерінде мұрағаттық іс жүргізу жағдайын тексеруді ұйымдастыру, ПД, облыстық, КПД, ІІМ-нің оқу орындары, ҚАЖД, ТЖД мұрағаттарына және бөліністеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Жедел есепке алу істері бар № 5 мұрағаттық қойманың жағдайына жауапты. Құжаттардың физикалық сақталуын қамтамасыз ету үшін мұрағаттық қорлардағы температуралық - ылғалдылық режимін бақылау. №5 қордың картотекасының жүргізілуін және сақталуын қамтамасыз ету. Құпиялық режимнің, заңдылықтың және ішкі еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету. Арн.ММ-да іс-жүргізуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатпен өзара іс-қимылды ұйымдастыру. Арн.ММ құзіреті шеңберіндегі ақпаратты ІІМ-нің веб-порталына, Электрондық үкімет порталынының «Ашық НҚА», «Ашық деректер» компоненттеріне уақтылы орналастыру және өзектендіруді жүзеге асыру. Заңдылықты, құпиялық режимді және қызметтік тәртіпті сақтау. Өз құзыреті шеңберінде және қойылған міндеттерге сәйкес ҚАӨБД басшылығының өзге тапсырмаларын орындау. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша талаптарды сақтау. Азаптау және беделін түсіретін басқа да адамгершiлiкке жатпайтын қатыгез iс-әрекеттер мен жазалауларды қолдануға тосқауылды сақтау. Басшылыққа және (немесе) құқық қорғау органдарына оған мәлім болған азаптау және басқа да адамгершiлiкке жатпайтын қатыгез iс-әрекеттер туралы бірден хабарлау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жасы 35 жастан аспайды, ерлер үшін бойы 165 см-ден кем емес, әйелдер үшін 157 см-ден кем емес.
Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі, құқық саласында (құқықтану, заңтану, құқық қорғау қызметі) мамандықтары бойынша.
Еңбек өтілі:
- құқық қорғау қызметінде жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;
- арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте не судья лауазымында қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;
- саяси немесе әкімшілік мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде осы санаттардағы нақты лауазымның тиісті бейіндік бағытына сәйкес келетін басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;
- осы санаттардағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі аға басшы құрамның келесі бос лауазымына конкурс жариялайды (C-SV-9 санаты бойынша, лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты 300 366 тг. бастап):
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Құжат айналымы және өтініштерді бақылау департаменті Өтініштер, талдау және азаматтарды қабылдау басқармасы фронт-офис жұмысын ұйымдастыру және азаматтарды қабылдау тобының аға инспекторы – 1 бірлік.
Негізгі функционалдық міндеттері: Жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды қамтамасыз етеді және оларға құқықтық кеңес береді, егер мәселені сипаты фронт-офис бойынша кезекшінің құзыретіне жатпаса, келушіге кеңес беру үшін құзыретті қызметкерді немесе кезекші жедел-тергеу тобының қызметкерін жіберу қажеттілігі туралы ІІМ-нің жауапты қызмет басшылығына дереу хабарлайды. «е-Өтініш» ақпараттық жүйесі, «Документолог» ЭҚАЖ арқылы ІІМ-ге келіп түскен барлық электрондық/қағаз түріндегі өтініштерді, сұрау салуларды, пікірлер мен ұсыныстарды тіркеуді қамтамасыз етеді және тіркеу сапасы үшін дербес жауапты болады. Фронт-офис қызметіне талдау жүргізеді.Құқық қолдану практикасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін келіп түскен өтініштердің статистикасы мен талдауын жүргізеді. ІІМ басшылығының қабылдауына жазуды жүзеге асырады. Министрдің және оның орынбасарларының жеке қабылдау хаттамаларын тіркеуді жүзеге асырады. Министрдің және оның орынбасарларының жеке қабылдау кезінде берілген тапсырмалардың орталық аппарат қызметтерімен орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Апта сайын ІІМ басшылығын өтініштердің уақтылы орындалуы бойынша талдау ақпаратымен қамтамасыз етеді, сондай-ақ жиынтық ақпаратты орындаушылық тәртіптің жай-күйін бақылау жөніндегі комиссияның қарауына жолдайды. Жетекшілік ететін бөліністердің жұмысына талдау жүргізеді, олардың өтініштерімен жұмыс істеуі және азаматтарды қабылдауы бойынша есептерді қалыптастырады. ІІМ басшылығы жанындағы жедел және аппараттық кеңестерді өткізу үшін материалдар дайындауды ұйымдастырады. Департамент қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуді ұйымдастырады және оларды келісуге қатысады. Күн сайын жеке және заңды тұлғалармен олардың өтініштерін тіркеу және басшылықтың жеке қабылдауы мәселелері бойынша (телефон арқылы) түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Орталық аппарат пен аумақтық бөліністердің қызметкерлеріне азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді. Түскен өтініштерге мониторингті Салалық тәуекелдер картасын қалыптастыру арқылы жүзеге асырады, кейіннен оны Президент Әкімшілігіне (ПӘ) жібереді. Қалалардың, облыстардың полиция департаменттерінде және ІІМ оқу орындарында азаматтардың арыз-шағымдарымен жұмыс істеу бойынша практикалық көмек көрсете отырып, тексеруді жүзеге асырады. «Documentolog» электрондық құжат айналымы жүйесінде (ЕҚАЖ) азаматтардың арыз-шағымдарын қарау мерзімдерінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады, тиісті белгілерді қояды (бақылаудан алу, пысықтауға қайтару). ІІМ, ПД(К), ҚАЖД, Ұлттық ұлан қызметтерінде және ІІМ білім беру ұйымдарында ІІМ, Департамент жоспарлары мен ұйғарымдарына сәйкес іс қағаздарын жүргізу, өтініштермен жұмыс істеу және азаматтарды қабылдау жағдайына тексерулер жүргізеді. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ашықтық индексі мәліметтерінің қалыптасуына мониторинг жүргізеді. Үй-жайдағы мүліктің сақталуына жауапты болады. Департамент басшылығының тапсырмасы бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтайды.Қойылған міндеттерге сәйкес, құзырет шегінде өзге де міндеттер белгіленеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жасы 35 жастан аспайды, ерлер үшін бойы 165 см-ден кем емес, әйелдер үшін 157 см-ден кем емес.
Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі, құқық саласында (құқықтану, заңтану, құқық қорғау қызметі) мамандықтары бойынша.
Еңбек өтілі:
- құқық қорғау не арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте не судья лауазымында қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- осы санаттардағы нақты лауазымның тиісті бейіндік бағытына сәйкес келетін әкімшілік мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;
- осы санаттардағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
3) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі аға басшы құрамның келесі бос лауазымына конкурс жариялайды (C-SV-8 санаты бойынша, лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты 324 395 тг. бастап):
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қаржымен қамтамасыз ету департаменті Еңбекақы төлеу басқармасының бас маманы – 1 бірлік.
Негізгі функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы ІІМ бөліністерінің қаржымен қамтамасыз ету басқармаларының (бөлімдері, бөлімшелері) қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, мәселесі бойынша практикалық көмек көрсетеді. Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне еңбекақы төлеумен байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда және сот органдарында Қазақстан Республикасы ІІМ-нің мүддесін қорғайды. Еңбекақы төлеу мәселесі жөніндегі нормативтік актілердің қолданысын түсіндіретін құжаттар дайындайды, бұйрықтар мен нұсқаулар дайындайды. Бекітілген бюджеттік бағдарламалар бойынша (жедел-іздестіру қызметі бойынша) еңбекақы төлеу қоры, жұмыс берушілердің міндетті зейнеткерлік жарналары, міндетті (кәсіби) зейнеткерлік жарналар, әлеуметтік салық, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, жұмыс берушілердің Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына жарналары, тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақшалай өтемақы төлеу, тұрғын үйді төлемдері, қызмет бойынша ауысқан кезде шығындардың орнын толтыру бойынша, стипендиялар бойынша (оның ішінде жедел-іздестіру қызметі бойынша) шығыстар сметаларының жобаларын жоспарлаудың негізділігін және дұрыстығын тексереді және министрліктің бюджеттік өтінімінің құрамына қосу үшін ерекшеліктер бойынша жиынтық есеп және лимиттер бойынша бюджеттік бағдарламалар бойынша есептер жасайды. Қазақстан Республикасы ІІМ әзірлейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қаржылық есептер дайындауды жүзеге асырады. Жұмысшылардың, қызметшілердің, қатардағы және басшы құрамның, ішкі істер органдары шағымдарына, хаттарына және өтініштеріне жауаптар дайындайды. Әскери қызметшілерді, ішкі істер органдарының қызметкерлерді еңбекақы төлеуге қатысты мәселелер бойынша қабылдауды жүргізеді. Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне еңбекақы төлеу мәселесіне қатысты нормативтік актілердің қолданысын түсіндіретін құжаттар дайындайды. Департамент басшылығының басқа да тапсырмалары мен нұсқауларын орындайды. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша талаптарды сақтайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жасы 35 жастан аспайды, ерлер үшін бойы 165 см-ден кем емес, әйелдер үшін 157 см-ден кем емес.
Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі, бизнес саласында (есеп және аудит, қаржы) мамандықтары бойынша.
Еңбек өтілі:
- құқық қорғау қызметінде жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;
- арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте не судья лауазымында қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;
- саяси немесе әкімшілік мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде осы санаттардағы нақты лауазымның тиісті бейіндік бағытына сәйкес келетін басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;
- осы санаттардағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес;
- Президенттік
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі - МҚІА) уәкілетті органы беретін тестілеуден өту сертификатының және жеке қасиеттерін бағалау қортындысының болуы (құқық қорғау қызметі, 2 бағдарлама бойынша МҚІА-нің 20.06.2016 жылғы № 1 «Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес).
Конкурс ІІМ-нің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 1009 «Конкурстық комиссияны қалыптастыру және оның жұмысы қағидалары, конкурс кезеңдерін өткізу мерзімдері, сондай-ақ құқық қорғау органдарында бос және уақытша бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі» бұйрығына сәйкес өткізіледі.
Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығын және объективтілігін қамтамасыз өту үшін отырысқа байқаушылар шақырылады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс жарияланғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде.
Бос және уақытша бос лауазым орындарына орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не оның электрондық нысаны;
3) білімі туралы құжаттардың көшірмесі, сондай-ақ «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификация рәсіменен өткенін немесе танылғанын растайтын құжаттар (шетелдік білім бері мекемелері берген дипломдар үшін, салытырып тексеру үшін түпнұсқалар);
4) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрыңғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған толтырылған, егжей-тегжейлі өмірбаян, қосымша қызметтік тізімнің (құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының бұрыңғы қызметкерлері, әскери қызметшілер, әкімшілік-мемлекеттік қызметшілер үшін), еңбек қызметін растайтын құжаттың (өзге тұлғалар үшін);
5) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама;
6) әскери билет немесе шақырту куәлігі.
Құжаттардың толық емес ұсынылуы конкурстық комиссияның қарауы олардан бас тартуға және конкурстың келесі кезеңдеріне жол бермеууге негіз болып табылады.
Ішкі істер органдарында қызмет өткерудің артықшылықтары:
- лауазымдық қызмет өтілі мен арнаулы атағына байланысты жалақы мөлшерінің ұлғаюы, тұрақты және уақтылы жалақы;
- сауықтыруға арналған жәрдемақылар, мансаптық өсу;
- ведомстволық емдеу мекемелерінде тегін медициналық қызмет көрсету;
- арнаулы атағына байланысты 48 жастап бастап зейнетке шығу (ішкі істер органдарында кемінде 12 жыл 6 ай үздіксіз еңбек сіңірген жағдайда).
Толық ақпарат алу үшін мына телефон арқылы хабарласуға болады: (010000, Астана қаласы, Тәуелсіздік көшесі 1, анықтама телефондары: 8 (7172) 72-25-89, 71-52-29, 72-26-35, 72-22-72 электрондық адрес z.sagatbekova@mvd.gov.kz, gul.zhazenova@mvd.gov.kz).