Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 36-бабына
және «2025 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету және «2025 – 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 10 желтоқсандағы № 1046 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 15 қазандағы № 864 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 27 желтоқсандағы №1007 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарында:
2-бөлім «Бағыттар, мақсаттар, нысаналы индикаторлар, міндеттер, нәтижелер көрсеткіштері және ресурстар»:
кіші бөлім «1 бағыт. Қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылық профилактикасы және қылмысқа қарсы күрес»:
1-мақсат. «Қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету».