Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың қоса беріліп отырған тізбесін бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жеке құраммен жұмыс жөніндегі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бес күнтізбелік күн ішінде осы бұйрықтың 1) және 2) тармақтарында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енгізіледі.

 

Министр
полиция генерал-лейтенанты Е. Саденов

Дата публикации
08 декабря 2025